1961 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Қарауыл ауылында туған. ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери бөлімінің командирі, подполковник. 1986 Семей Автомеханика техникумын, ҚР ҰҚК-ның Әскери институтын (1996), Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан Техникалық университетінің экономика факультетін (2003) жылы бітірген. КСРО Қарулы Күштері қатарына 1988 жылы тамыз айында шақырылған.
1988 жылы тамыз айынан 1989 жылы ақпан айына дейін Ауғанстандағы әскери бөлімде прапорщик шенімен саперлер взводының аға технигі болып әскери борышын өтеген. Медальдармен марапатталған. Ауғанстаннан елге оралғаннан кейін шекаралық әскери бөлімдерінде әр алуан жауапты қызметтер атқарды.
2007 жылдан бері Жалғызтөбе кентінде орналасқан әскери бөлімінің командирі болып қызмет етіп келеді.
Әдебиеттер тізімі:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 295 б.