3Нұрлан Сраилұлы Омаров 1957 жылы 16 мамырда дүниеге келген. 1979 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының түлегі, тау-кен инженері. 1992 жылы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген, саясатшы.
Еңбек жолын 1979 жылы Қазақ политехникалык институтын бітіргеннен кейін «Алтайзолото» тау-кен-байыту комбинатының Боко кенішінің (Семей облысы Жарма ауданы) шахта тау-кен шебері болып бастайды. Кейін осы кеніште инженер-технолог, аға инженер-технолог болып істейді.
1981 жылдан бастап комсомолдык, партиялық және басшылық қызметтер атқарады. Семей облысының Қазақстан ЛКЖО Семей облыстық комитетінің нұсқаушысы, Жаңасемей аудандық комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.
1985-1990 жылдары Семей облыстық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, кейінгі жылдары Қазакстан ЛКЖО Орталық Комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы болып сайланады. 1991 жылдың қарашасынан 1994 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Жастар одағы Орталык Комитетінің бірінші хатшысы болады. XII шақырылған Қазақстан Жоғары Кеңесінің халық депутаты.
1994 жылдың қаңтарынан 2000 жылдың наурызына дейін Қазақстан Ресубликасы Президенті аппаратында бас инспектор, мемлекеттік инспектор болып жұмыс істейді, Қарағанды облысында және Алматы қаласында Президенттің өкілі болады.
Н.Омаров Семей қалалық әкімшілігін 2000-2001-жылдар және 2003-2007-жылдар аралығында екі мәрте басқарды. Жалпы алғанда ол қалаға 4 жыл 10 ай басшылық еткен.
Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына қомақты үлес қосты. Экономиканың нақты секторы, шағын және орта бизнес дамып, жұмыс орындары көбейді. Қаланы көркейту, инфрақұрылымын қалыпқа келтіруге байланысты жоспарлы шаралар атқарылды. Қалада құрылыс жұмыстарын жандандырып, әсіресе жылу желілерінің тартылуы, басқа да коммуникациялық желілердің енгізілуіне назар аударылды. Ипотекалық үй алу амалдары туралы тұрғындар арасында насихаттық-ақпарат жұмыстары кеңінен жүргізілді.
2001 жылдың қарашасынан 2004 жылдың қаңтарына дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2004 жылдың қаңтарынан бастап қайтадан Семей қаласының әкімі болып тағайындалады. Бүгінгі таңда «Семей қаласы машина жасау зауытының» бас директоры. Үкімет тарапынан көптеген марапаттауларға ие.
Семей қаласы мәслихатының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 30/202- VI шешімімен экономика, әлеуметтік салаларды дамытуға сіңірген ерекше еңбегі, белсенді мемлекеттік және қоғамдық қызметі, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Н.С.Омаровқа «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Абыройға бөленгендер: (Семей машина құрастыру зауытының директоры Нұрлан
Омаровқа «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді) // Ертіс өңірі. – 2018. – 19 желтоқсан. – 11 б.
Омаров Н. Соңғы бір жылда Семей күрт өзгерді //Дидар. – 2001.- 24 қараша. – 2 б. Омаров Н. “2006 жылдың 1 жарты жылдығында атқарылған жұмыс туралы” Семей қаласы әкімінің қалалық мәслихат сессиясындағы есебі // Семей таңы. – 2006. – 31 тамыз. – 2 б.
Омаров Н. “Жас ұлан” ерлер лицейіне Шоқан Уәлихановтың атын беру туралы: Семей қалалық мәслихаты шешімі // Семей таңы. – 2004. – 4 маусым. – 2 б.
Омаров Н. Отанға деген сүйіспеншілік және өмірде пайдалы іс тындыруға ұмтылыс – адам бойындағы ең басты және өзгермейтін қасиеттер болуы тиіс // Семей таңы. – 2004.- 2 шілде. – 2 б.
Омаров Н. Семей ертеңіне сенеді, бүгіні қандай? //Дидар. – 2006 . – 30 қыркүйек. – 5 б.
Омаров Н. Семей көрікті қалаға айналады // Дидар. – 2006. – 6 маусым. – 2 б.
Омаров Н. Семейдегі серпіліс: жалғасын табарына қала әкімі Нұрлан Омаров нық сенімді // Семей таңы. – 2004. – 12 қараша. – 1 б.
Омаров Н. “Семейдің еңсесі көтеріліп келеді” // Заман Қазақстан. – 2005. – 21 қазан. – 7 б.

Электрондық ресурс:

Жетістік бар, жетіспеушілік те жоқ емес: Семей қаласының әкімі Нұрлан Омаровтың ел алдындағы есебі // https://old.egemen.kz/?act=readarticle&id=3557
Нұрлан Сраилұлы Омаров: өмірбаян //
http://alashainasy.kz/omir/nurlan-srayyilulyi
omarov–50909/
Қаланың құрметті азаматтары: Омаров Нұрлан Сраилұлы //
https://akimsemey.gov.kz/content/view/3/1428