Бөлім жетекшісі:
Жундибаева Рима Канапияновна
Телефон: 8 (7222) 52 38 87
Факс: 8 (722 2) 52 04 94
e-mail: semeybib_razvitie@mail.ru
071400, Семей қаласы, Абай көшесі, 86-үй
Бөлімнің мақсаты мен міндеттері:
Барлық құрылымдық бөлімдер мен пайдаланушыларға қызмет көрсету бөлімдерінің жұмысын үйлестіру.
Міндеттері мен функцияларына сәйкес оқырмандарға кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету әдістемесін жетілдіру.
Оқырмандармен (пайдаланушымен) жұмыстың озық, инновациялық түрлерін әзірлеу және енгізу.
Ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлау.
Библиографиялық процестерді автоматтандыру және ақпараттандыру, кітапхананың компьютерлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Компьютерлік машиналардың қатарын жаңарту, ескірген компьютерлік техниканы ауыстыру, бұрынғыларын жөндеу, заманауи бағдарламалық жасақтаманы орнату.
Бөлімнің функциялары:
Келесі бағыттар бойынша ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді жүзеге асыру:
Жұмысты жоспарлау.
Қаланың ұйымдарымен, кәсіпорындарымен және мекемелерімен халықтың оқу және ақпарат саласындағы қажеттіліктерін зерттеу арқылы жұмысты үйлестіру.
Кітапхана қызметкерлерін алдыңғы қатарлы жұмыс әдістеріне оқыту, оның ішінде жас кадрлардың кәсіби шеберліктерін үйрету.
Кітапхана теориясының жетістіктерін және озық тәжірибені кітапхана практикасына енгізу.
Қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі мемлекеттік және қоғамдық ұйымдармен байланысты нығайту.
Кітапхананың жергілікті компьютерлік желісін техникалық қолдау.
Интернетке қосылуды қамтамасыз ету.
Кітапхананың электронды каталогын жүргізу және пайдалану үшін ақпараттық инфрақұрылым құру.
РАБИС автоматтандырылған кітапханалар жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету.
Ақпараттық технологиялар негізінде кітапхана пайдаланушыларына қызмет көрсету жүйесін жетілдіру.