1932 жылы 10 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті совхозында дүниеге келген. Еңбек жолын Көкпекті ауданынан бастаған. Көп жылдар бойы партия совет қызметін атқарып бүкіл саналы ғұмырын Семей өңірінің өсіп-өркендеуіне арнаған.
«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің, «Ерен еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты», «Тың игеруге 50 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», т.б. оннан аса медальдардың иегері.
Екі мәрте Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.Бірнеше мәрте аудандық, облыстық Кеңестердің депутаты болып сайланды. Ақсуат, Үржар аудандарының құрметті азаматы. 2003 жылы 9 қазанда «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
2023 жылы «Абай облысының Құрметті азаматы» атағын алды.
Әдебиеттер:
Абай облысының «Құрметті азаматтары»: олар атақ – даңқ іздеген жоқ, атақ – даңқ оларды іздеп тапты! // Семей таңы. – 2023. – 30 желтоқсан. – Б.2
Сұлтанов Д. // Сәдуақасов Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары – Почетные граждане Семипалатинского региона . – Алматы, «Арқас», 2005 . –Б.268-269
«Абай облысының құрметті азаматы» айрықша белгісі келесідей жерлестерімізге табысталды: //https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/678600?lang=kk
Сұлтанов Дүйсен // https://semeylib.kz/?page_id=11456