Баяхметов Алмас – «Абай облысының Qazaq kuresi федерациясы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі. 2025 жылы Республика күніне орай «Шапағат» медалімен марапатталды.
Жуанышева Гүлшат – «Жарма аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК, невропотолог дәрігер, 2025 жылы Республика күніне орай «Шапағат» медалімен марапатталды. (Жарма ауданы.)
Искакова Назигүл – Абай облысы әкімі аппараты қаржы – шаруашылық бөлімінің басшысы. 1984 жылы 1 ақпанда Семей облысы Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. 2022 жылдың 15 тамызынан бастап Абай облысы әкімі аппараты қаржы – шаруашылық бөлімінің басшысы – бас есепші болып қызмет атқарады.
2025 жылы Республика күніне орай «Шапағат» медалімен марапатталды.
Кәкен Әз-Жәнібек – «Мақаншы ауданының ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері, 2025 жылы Республика күніне орай «Шапағат» медалімен марапатталды. (Мақаншы ауданы)
Садыбекова Даурия – Курчатов қалалық аурухананың бас дәрігері. Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының «Курчатов қалалық ауруханасы» ШЖҚ КМК бас дәрігері. Садыбекова Даурия Сейсенқызы 1978 жылы 22 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында дүниеге келген. 2025жылы Республика күніне орай «Шапағат» медалімен наградталды.
Таңсықкожин Айдос – «ZHEBE LOGISTICS» ЖШС басшысы. 2025 жылы Республика күніне орай «Шапағат» медалімен марапатталды.
Әдебиеттері:
Өңірдің өркендеуіне еңбек сіңірген азаматтарға құрмет көрсетілді // Ертіс өңірі. – 2025. – 29 қазан. – 10-11 б
https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-kurchatov/about/structure/people
