Терроризм – мемлекеттің қауіпсіздігін бұзу үшін, мемлекеттік органдардың қабылдайтын шешімдеріне әсер ету үшін және басқада террористік мақсаттарға жету үшін жасалатын құқыққа қарсы, қылмыстық жазаланатын әрекет. Терроризмнің мақсаты – мемлекеттердің, халықтардың рационалды түрде ойлауларына, бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүрулеріне кедергі жасау. Сонымен бірге қоғамда дүрбелең тудырып, көшеде, жұмыс және дем алатын жерлерде, халықтың көп шоғырланған орталарында, сауда-саттық орталықтарында оқу және мәдениет ошақтарында кез-келген уақытта бүлік шығарып, үрей тудыру.
Кітапхана, әлеуметтік институт ретінде терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимылды жүзеге асыруы тиіс.
Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы терроризмге қарсы төмендегідей шаралар ұсынады:
- Дін – адамгершілік тірегі: көрме-толғау
- Терроризм – бейбітшілікке қауіп төндіреді: ақпараттық сағат
- Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік қасірет: басылымдар көрмесі
- Құқық және біз: ақпараттық сағат
- Заң мен ар-намыс кодексі (сыбайлас жемқорлықпен күрес): ақпараттық сағат
- Терроризм – адамзатқа қарсы қылмыс: көрме-алдын ала ескерту
- Жастар экстремизмге қарсы: бейне сағат
- Дін және қазіргі заман қоғамы: руханият сағаты
- Террористік актілерді болдырмау жөніндегі халыққа арналған жаднама