Бейсембаев Еркін Асанұлы Шығыс Қазақстан облысы, Семей кентінде 1950 жылы туған. 1973 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина академиясын) бітірген.
1973-1974 жылдары Өскемен қаласында №1 қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында, 1974-1976 жылдары Павлодар қалалық жұқпалы аурулар ауруханасында дәрігер, 1976-1979 жылдары Харьков медицина институтында, 1980-1986 жылдары Семей мемлекеттік медицина институтында, 1986-1989 жылдары Павлодар ФУВ-да ассистент қызметтерін атқарды. 1989 жылдан Павлодар ФУВ-да клиникалық иммунология курсының меңгерушісі. Медицина ғылымының докторы (1996).
70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы.
1996 қайтыс болды.
Әдебиеттер:
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012. – Б.387
- Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – С.174
- Кто есть кто в медицине. Т.1. – Алматы: КАзГМИ, 2002. – С.45
- Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.137
Инетернет сілтеме:
- Бейсембаев Еркін Асанұлы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Еркін_Асанұлы_Бейсембаев