Қамалиев Мақсұт 1959 жылы Семей қаласында туған. 1982 жылы Семей мемлекеттік мединститутын және 1989 жылы Мәскеудегі Бүкілодақтық әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын бітірген.
1982-1993 жылдары осы оқу орнында ассисент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, 1993 жылдан қазіргі уақытқа С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының менгерушісі болып қызмет етеді. Медицина ғылымының докторы (1994), профессор (1996), әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру жөніндегі дәрігер (2003).
Денсаулық сақтау қызметкелері, ұйымдар мен органдарға тәжірибелік пен методикалық көмек көрсетеді. Алматы қаласының денсаулық сақтау Басқармасының алқа мүшесі.
Білім беру саласындағы әкімшілік жұмыс тәжірибесі бар:
1995–2000 жылдары ҚазҰМУ шетел студенттері факультетінің деканы; 2010 жылдан базалық медициналық дисциплиналар Оқу департаментінің директоры;
2011 жылдан қоғамдық денсаулық сақтау Оқу департаментінің директоры. Университеттің Ғылыми кеңес, факультет Кеңесі, Әдістемелік кеңес, Ғылыми комитет мүшесі.
2001 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» кеуде белгісімен, 2015 жылы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігігінің Алғысымен, «Қазақстан Республикасының медициналық білім беру ісін дамытудағы үлесі үшін» ҚазҰМУ-дың алтын, күміс, қола медальдарымен, алты ҚазҰМУ-дың Құрмет мақтау қағазымен (2001, 2002, 2004, 2005, 2006, 2010 жж.), 2012 жылы Алматы кәсіподақ кеңесінің Құрмет мақтау қағазымен марапатталды
300-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.
Әдебиеттер:
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.32
- Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.154
Интернет сілтеме:
3.Қамалиев Мақсұт Әділханұлы // https://kk.wikipedia.org/wiki/Қамалиев_Мақсұт_Әділханұлы
4.Академиялық қызмет жөніндегі проректор // https://kaznmu.kz/академиялық-қызмет-жөніндегі-прорек/