Оразғалиев Болат Дүйсенбекұлы Шығыс Қазақстан облысы, Көкпекті ауданы, Черный ключ ауылында 1947 жылы 25-ші маусымда туған. 1971 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын, (қазіргі Семей мемлекеттік медицина университеті), 1976 жылы Мәскеу аспирантурасын , 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын бітірген. 1971-1973 жылдары әскери дәрігер, Орта Азия әскер округі №02109 әскери бөлімінің энтомология лабораториясында, 1977-1985 жылдар инфекция бөлімінде, Павлодар облыстық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары, бөлімше меңгерушісі, 1985-1998 жылдары облыстық денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі, Денсаулық сақтау департаментінің басшысы, 1998-2002 жылдары Павлодар қалалық инфекция ауруханасының бас дәрігері қызметтерін атқарған. Заңгер, медицина, ғылым кандиданты. 2002 жылдан облыс әкімдігі аппараты жетекшісінің орынбасары, әлеуметтік-мәдени даму бөлімінің меңгерушісі.15 ғылыми жарияланымның 1 монографияның авторы.
Әдебиеттер:
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.248