Савицкая Любовь Ниловна Шығыс Қазақстан облысы, Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылында 1936 жылы туған. 1959 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Семей мемлекеттік медицина университеті) бітірген. Шығыс Қазақстан облысында дәрігер (1958-1963), Семей мемлекеттік медицина институтында ассистент, доцент.1963-1983 жылдары тері және жыныс аурулары кафедрасының доценті, меңгерушісі. Негізгі ғылыми еңбектері дерматология және венерология мәселелеріне арналған. Авторлық куәлігі бар.
Медицина ғылымының докторы (1991), профессор (1992). 120-дан астам ғылыми жарияланымның авторы.
Әдебиеттер:
- Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.314
- Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – С.238
- Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.170
Интернет сілтеме:
4.Савицкая Любовь Ниловна // https://kk.wikipedia.org/wiki/Савицкая_Любовь_Ниловна