3qМонументті өнер шебері, мүсінші.

1924 жылы 15 желтоқсанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданындағы Верхубинка ауылында туған.

Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1951 жылы  Алматы көркемсурет және 1957 жылы Ленинград (Сант-Петербург) көркем өнеркәсіп училищесін бітірген.

«Түбіт шәлі» (1967), «Қымыз» (1968) сияқты графикалық жұмыстардың және «Жарық ебелегі» (1978), «Бостандық-жан тебірентер жақсы сөз» (1985), тағы басқа мүсіндік еңбектердің авторы. Әр түрлі монументті өнер туындылары бар.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен, 1-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.

 

Әдебиеттер:

  1. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.1. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.188