Сұлтанов Дүйсен 1932 жылы 10 ақпанда бұрынғы Семей облысы, Көкпекті ауданы, Көкпекті совхозында туған. Білімі жоғары. Алматы мемлекеттік зооветеринарлық институтын бітірген.
Жұмысшы, есепші, «Большевик» кеңшарының бас мал дәрігері, ауданнық бас мал дәрігері, Көкпекті ауданының мемлекеттік асыл тұқым станциясының директоры, Ақсуат ауданының партия комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, облыстық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары, облыстың ауыл шаруашылығының басшысы, жаңадан құрылған Таскескен ауданының аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет атқарды.
1965 жылы Ақсуат ауданына екінші хатшы болып келіп, 1973 жылы бірінші хатшы болып сайланған.
Дүйсен Сұлтанов басқарып тұрған кезде Ақсуат ауданы Республикалық ауыспалы Қызыл Туын тұңғыш рет жеңіп алған. 1980 жылы Д. Сұлтанов Семей облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары, 1982 жылы бірінші орынбасары болып сайланды.
1982 жылы 50 жасқа толғанда ҚазССР Жоғарғы Советінің Құрмет граматосымен марапатталды. 1983 жылы Таскескен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып, 1994 жылға дайін атқарды. Жиыны 28 жыл Көкпекті, Таскескен аудандарында, қызмет етіп Д. Сұлтанұлы КПСС-тың 28–ші съезіне, Қазақстан Компартиясының 14,16,17 съездеріне делегат болып сайланды.
«Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерінің, «Ерен еңбегі үшін», «В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты», «Тың игеруге 50 жыл», «Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл», т.б. оннан аса медальдардың иегері.
Екі мәрте Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бірнеше мәрте аудандық, облыстық Кеңестердің депутаты болып сайланды.
Ақсуат, Үржар аудандарының құрметті азаматы. 2003 жылы 9 қазанда «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер:
Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 268-269 б.
Жұмәділ Қ. Адалдыққа арқа сүйеген // Ертіс өңірі. – 2012. – 8 ақпан. – Б. 10
.