Маусунбаева Лайля НасыровнаМаусынбаева Ләйла Насырқызы 1948 жылы туған.
Семей өңірі халқының білім, экология, радиация және денсаулық проблемалары бойынша 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.
Үздіксіз ғылыми қызметімен қатар және «Қайнар» филиалына басшылықпен қатар ауқымды қоғамдық жұмысты жүргізеді, Қазақстан халықтары іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі, ШҚО әкімдігі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия мүшесі, қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі, Астана қаласындағы 2006 ж. әйелдердің Евразиялық саммитінің қатысушысы, 2004-2007 жж. – халықаралық әйелдер форумының қатысушысы,
«Қазақстанның алтын әйелдері» айдарындағы республикалық «Ажар» конкурсының жеңімпазы. елдің қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысқандығы үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР білім және ғылым министрлігінің, ШҚО әкімінің, Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен наградталды. Париж қаласының халықаралық университеттер қауымдастығының Атилланың 1600 жылдығына арналған медалімен марапатталды.
Ол басқаратын білім кешені – ЖОО-колледж-гимназия – «Қанатты әйел -2» Ұлттық жәрмеңкесінің 1 дәрежелі дипломымен наградталған Семейдің оқу орны болып табылады. Ел Президентінің сайлауы кезеңінде Мемлекет басшысының сенімді тұлғасы болды.
Ол кәсіби шеберлік, біліктілік, жоғары ұйымдастырушылық қабілет, адамдармен тіл таба білу, әлеуметтік және саяси белсенділік қасиеттерімен ерекшеленеді.
«Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» атағының иегері. «Саладағы үздік оқу-әдістемелік басылым” Бүкілресейлік көрмесінің лауреаты.
«Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен,
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрмет Грамотасымен Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының «Ғылыми жаңалық авторы» естелік медалімен, «Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен, Халықаралық ядроға қарсы «Семей – Невада» қозғалысының 20 жылдығы» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.
Семей қаласы әкімінің шешімімен 2011 жылы 2 желтоқсанда Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Әдебиеттер:

1. Маусынбаева Л. Білім бастауының қайнары // Семей таңы. – 2011. – 12 тамыз. – Б. 1
2. Маусынбаева Л. “Жастарға әлеуметтік қолдау көрсету парызымыз” // Семей таңы . – 2009. – 23 шілде. – Б. 3
3. Маусынбаева Л. Жастарға патриоттық тәрбие беру мәселесі // Семей таңы. – 2009. – 30 сәуір. – Б. 2
4. Шарапиева Л. Келер жылдың бюджеті бекітілді // Семей таңы . – 2011. – 23 желтоқсан. – Б. 1 ; Семей таңы . – 2011. – 6 желтоқсан. – Б. 1