Мұқашев Құмар Ершеұлы 1937 жылы 20 тамызда бұрынғы Семей облысы, Бесқарағай ауданы, Большая Владимировка ауылында туған. Алматы қаласындағы Қазақстан ІІМ жанындағы милиция мектебін бітіргеннен кейін ішкі істер органдарында жұмыс істеген. Қызмет еткен 40 жыл ішінде жол полициясы инспекторынан облыстық ІІБ МАИ бастығына дейінгі жолдан өткен. Осы уақыт ішінде Шар АІІБ бастығының орынбасары болды, Ақсуат және Жарма АІІБ басқарды. Ол облыс пен республиканың қоғамдық өміріне белсене қатысады.
Зейнет демалысында жүріп ол тау-кен қазу саласының дамуына үлес қосуда. «Даңк» ЖШС және «Андас – Алтын» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы ретінде қала мен облыста мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыруға демеушілік көрсетеді.
Отставкадағы полковник, КСРО және Қазақстан Республикасы, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері, дербес зейнеткер, Ардагерлер кеңесінің мүшесі және қаланың ІІБ және жол полициясы басқармасының тәлімгері. «КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкері» белгісімен марапатталып, есімі ІІБ Құрмет кітабына кіргізілген. 2006 жылы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. 2008 жылдың 4 ақпанында «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.