Зяблицкий Алексей Иванович 1937 жылы туған. Білімі жоғары, Өскемен жол-құрылыс институтын инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Жилгражданстрой» құрылыс басқармасында ұста болып бастап, «Горстрой» құрылыс басқармасының бас инженері, «Отделстрой» құрылыс басқармасының бас инженері, Семипалатинскжилстрой» тресінің бастығы, Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының ғылыми-көркемдік бөлімінің бастығы және Семей облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры қызметтерін атқарды.
«Мақтау белгісі» орденімен, В.И.Лениннің туғанына 100 жыл толуына байланысты «Ерен еңбегі үшін» мерейтойлық медалімен, Казсовпроф мақтау қағазымен, Қазақ КСР-і Мәдениет министрлігінің мақтау қағазымен марапатталған. Қазақ КСР-інің құрметті құрылысшысы.
Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер. 1999 жылы 15 ақпанда Семей қаласы әкімінің шешімімен «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.
Әдебиеттер:
Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 231-232 б.