Серкешов Тұрсынбек 1917 жылы бұрыңғы Семей облысы, Жаңасемей ауданы, Кенжебай ауылында туған. 15 жасында әкесі Сермұхамет өліп, үш інісін, бір қарындасын Үржардың балалар үйіне беріп, шешесі екеуі Семейге келген. Бұл 1932-39 жылдардағы нәубет ашаршылық кезі еді.
Семей станциясы жанындағы вагон депосының алты айлық слесарь даярлайтын курсын бітіріп 3 –ші разрядты слесарь болып, вагон жөнедеп еңбекке араласқан. Онда алты жылдай істеп, вагон учаскесінің кадр бөлім бастығының орынбасары, депоның кәсіподақ комитетінің төрағасы болған. Семей теміржол станциясының мәдениет үйінің іргетасын қоюға қатысқан.
1940 жылдары КПСС мүшелігіне өткен. 1941 жылы қаладағы Киров аудандық партия комитетіне нұсқаушы қызметін атқарып, 1941 жылы Дальневосточный армия флотына саяси басқрмасының қарамағында аға сержант атағымен рота командирінің саяси көмекшісі және партия ұйымы хатшысы болып 1944 жылы Харьков қаласындағы әскери-саяси училищесіне жіберіліп, оны кіші лейтенант шешімімен 4- ші Украина фронтының 60-шы армиясының командирі саяси бөлімінің қарамағына барып, математика дивизиясының құрамында соғысқа қатысты. Опава, Маровский острова, Жилина, Оломауц деген қалаларда еміс басқыншылардан босатуға қатысып, бас қолбасы И.В. Сталиннен алғыс алған.
Чехословакияның астанасы Прага қаласын босатуға қатсықан. Жеңіс күнін 9 май күні 1945 жылы осы қалада мерекелеген. Содан 1946 жылдың аяғына Солтүстік Армия тобының 634 –ші миномет полкінің бірінші дивизиясының партия ұйымдастырушысы болып, лейтенант шенімен 1947 жылы Семейге оралған.
Сол 1947 жылдың басынан үш жыл Семей облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып, одан Абай аудандық партия комитетінің 1950-1953 жылы хатшысы болды. Одан екі жылдық партия мектебін бітіріп келген соң Шар аудандық атқару кеңесінің төрағасы (1963 жылдан 1965 жылға дейін). Ақсуат-Көкпекті екі аудан қосылғанда Көкпекті ауданының бірінші хатшысы, 1965 жылдан Жарма ауданының бірінші хатшысы болған. Жарма ауданын басқаруда «Октябрь революциясы» орденімен марапатталып, Қазақстан Жоғары кеңесіне депутат болып сайланған.
Тұрысбек Серкешұлы бұрыңғы Семей облысының жеті ауданында 20 жыл қызмет атқарған. «Отан соғысы», «Октябрь революциясы» ордені, «Еңбек Қызыл Ту» ордендері мен медальдарымен марапатталған. Семей қаласының және Жарма ауданының Құрметті азаматы атағы берілді.
Әдебиеттер
Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 267-268 б.