0

1962 жылы 12 желтоқсанда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан),  Жаңасемей (қазіргі  Бородулиха) ауданы,  Петропавловка селосында дүниеге келген. Орта мектепті бітірген соң, «Казахстанская правда» ұжымшарында еңбек етеді. 1981 жылы 7 сәуірде КСРО Қарулы Күштерінің қатарына  ЖаңаСемей аудандық әскери комиссариатынан  шақырылған. Қатардағы жауынгер, өздігінен жүретін артиллериялық қондырғының механик-жүргізушісі  болды. 1981 жылдың маусым  айынан  Кеңес әскерінің Ауғанстандағы  шектеулі контингенті құрамында болды.1982 жылы 8 наурызда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Петропавловка  ауылында жерленген. Осы ауылда  көше аты берілген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).   

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009.-27 б.

Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада) // http://www.vkoem.kz/index.php