1968 жылы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында, Қалбатау ауылында дүниеге келген. 1988 жылдың 11 ақпанынан 1989 жылдың 17 ақпанына дейін Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында, Ауғанстанның Пули-Хумри уәлаятындағы автокөлік батальонында қызмет етті. Жоғарғы білімді заңгер, құқық қорғаушы. Өскемен қаласындағы «Лабрис» ЖШС-ның директоры болып істейді. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері Шығыс Қазақстан облысы одағы төрағасының орынбасары.
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС,2009.-95 б.