1960 жылы 18 сәуірде Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бородулиха ауданы, Сосновка селосында дүниеге келген. Әскерге алынғанға дейін «Коммунизм жол» ұжымшарында жұмыс істеген.
1978 жылы 12 қарашада Бородулиха аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады. Ефрейтор, бронетранс-портер механик – жүргізушісі болды. 1979 жылы желтоқсан айында Ауғанстанға жіберіледі. 1980 жылы 8 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.
Сосновка селосында жерленген. «Әскери қызметтегі ерекшелігі үшін» медалімен және КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 101 б.
Шығыс Қазақстанның Ауғанстан жерінде қаза тапқан интернационалист-жауынгерлері (Семей облысы 1997 жылға дейінгі шекарада)// http://www.vkoem.kz/index.php