1948 жылы 6 ақпанда  дүниеге келген.  КСРО Қарулы Күштері қатарына 1967 жылы 14 қыркүйекте  шақырылады.  Ресейдің Каменец-Подольск Жоғарғы әскери инженерлік  командалық училищесін бітірген. 1982 жылы  қаңтар айынан  Кеңес әскерінің  Ауғанстандғы шектеулі контингенті құрамында болды. Бірқатар жауынгерлік операцияларға қатысып, онда өзін батыл да жоғары кәсіби шебер  маман ретінде көрсеткен. Полктің инженерлік  қызметін  шебер басқара білді. Оның басшылығымен  үлкен мөлшердегі әр түрлі өндірістік және  конструкциялық  миналар мен фугастар  залалсыздандырады.

Ұрыс барысында Зюзев бастаған  бойтаса  тобы  бөлімшенің  негізгі күшінің  шегінуін  қамтамасыз етті. Осы ұрыста  басынан ауыр  жараланды. 1-дәрежелі «Әскери қызметтегі ерен еңбегі үшін» медалімен және 3-дәрежелі «КСРО Қарулы Күштерінде Отанға қызмет еткені үшін», « Қызыл жұлдыз» (қаза тапқаннан кейін) ордендерімен марапатталған. 1983 жылы  11 маусымда  қайтыс болған, Ресейдегі Саратов  қаласында жерленген.

                                                   Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 208 б.