1951 жылы 3 тамызда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы,Үржар ауданы, Мақаншы ауылында дүниеге келген. КСРО Қарулы Күштері қатарына  Украинаның  Одесса қаласының Киев аудандық әскери комассариатынан шақырылған. Ауғанстанға 1987 жылы шілде айында келген. 5 ұрыс қимылдарына және 6 рет втокөлік  лектерін алып жүруге қатысқан. 1988 жылы 2 шілдеде ерлікпен қаза тапты. Қызыл жұлдыз орденімен марапатталған. Одесса қаласындағы Таиров зиратында жерлеген.

 

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 286 б.