1969 жылы 21-ші қаңтарда Семей  (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Үржар ауданы, Алтыншоқы ауылында дүниеге келген. КСРО Қарулы Күштері қатарына Семей облысы, Таскескен аудандық әскери комиссариатынан шақырылады. Түркіменстанның  Теджен қаласында оқу-жаттығудан өткен соң, 1987 жылы қараша -1988 жылы тамыз аралығында  Кеңес әскерінің  ауғанстандағы  шектеулі контигенті  құрамында  Бадахшан уәлаятында орналасқан № 89933 әскери бөлімінің  мотоатқыштар  полкінде  Т-62 танкінің  механик-жүргізушісі болды. Танк батальоны  Тешкан өзендеріндегі  стратегяиылық маңызды көпірді қорғады. Әскери міндетін  Термез, Бийск  қалаларында  жалғастырды.

1989-97 жылдары Алматы қаласы «Алматыкультбытстрой » мекемесінде ағаш шебері  болып еңбек етті. Құрылыс саласында жұмыс істейді. « КСРО Қарулы Күштеріне 70 жыл», «Интернационалист жауынгерге ауған халқы атынан», «Кеңес әскерінің АДР-дан  шығарылғанына  15 жыл» «Кеңес әскерінің АДР-дан  шығарылғанына  20 жыл» т.б, медальдармен марапатталған.

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 325 б.