11

1965 жылы 13 қыркүйекте Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Аягөз ауданы, Сергиополь (қазіргі Мамырсу)  селосында дүниеге келген. 1983 жылы 12 қарашада Аягөз аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1984 жылы қаңтар айында Ауғанстанға жіберіледі. 1985 жылы 24 қарашада жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Мамырсу ауылында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).    

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 351 б.