111

1961 жылы 26 желтоқсанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Жарма ауданы, Ортабұлақ ауылында дүниеге келген.  «Рассвет» ұжымшарында еңбек етеді. 1980 жылы 10 маусымда Жарма аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.

1981 жылы қазан айында Ауғанстанға жіберіледі.

1982 жылы 12 мамырда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Ортабұлақ ауылында жерленген.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).      

Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 351 б.