Нина Васильевна Рыболовлева Семей облысы, Бородулиха ауданы, Орловка ауылында 1948 жылы 16 ақпанда дүниеге келген. 1966 жылы Семей педагогикалық колледжін, 1972 жылы Н.К. Крупская атындағы педагогикалық институтын, Алматыдағы жоғары партия мектебін тәмәмдаған.
Нина Васильевна еңбек жолын 1966 жылы Семей облысы, Белағаш станциясында тарих және география пәнінің мұғалімдігінен бастады. 1968 жылы тамыз айында Семей қаласындағы № 35 орта мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасады. 1969 жылдын тамыз айынан 1970 қаңтар айына дейін Семей ет комбинатындағы «Счастливое детство» балабақшасында тәрбиеші болып қызмет атқарды. 1971 жылдын қаңтар мен 1971 жылдын желтоқсан айы аралығында Семей ет комбинатында комсомол ұйымының бөлім (ВЛКСМ) меңгерушісі болса, 1971 жылдын желтоқсан – 1973 жылдын мамырына дейін Калинин атындағы ет консервілеу комбинатындағы комсомол ұйымының хатшысы болды.
1973 жылдын мамырынан – 1976 жылдын тамызына дейін – Семей қаласындағы Ленин аудандық Қазақстан ЛКСМ комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. 1976 жылдын тамызы мен 1979 жылдын қыркүйегі аралығында Қазақстан компартиясы ЛКСМ Ленин аудандық комитетінің насихат бөлімінің меңгерушісі болды.
1979 – 1981 жылдар аралығында Рыболовлева Алматы жоғары партия мектебінде тыңдаушы болды. Жоғарғы партия мектебін бітіріп келгеннен кейін Семей қаласындағы Қазақстан Компартиясының насихаттау бөліміне нұсқаушы болып тағайындалды. 1984 желтоқсан 1985 наурыз айы аралығында Семей қаласындағы Ленин аудандық атқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы, 1985 жылдың наурызы – 1988 жылдың шілде аралығында Семей қаласындағы Ленин аудандық атқару комитетінің төрағасы болды. 1988 жылдын шілде 1994 жылдын желтоқсан айларында Семей қаласындағы облыстық кәсіподақ ұйымының кеңесінің хатшысы, облыстық кәсіподақ ұйымының хатшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 1994 жылдын желтоқсаны мен 1995 жылдын тамыз айы аралығында Семей қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының бастығы болды.
1995 жылдың тамыз айында Нина Васильевна Рыболовлева Семей қаласының әкімі болып тайғайындалды. 1997 жылдың мамыр айы – 1998 жылдың қыркүйек айы аралығында Семей қаласының әкім орынбасары, 1998 жылы қыркүйек- қазан айларында Семей қаласы Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы қызметін атқарды.
1998 жылдың қазан айы мен 2001 жылдың қараша айы аралығында Семей қаласының әкімі болды. 2002 жылдын ақпан айында Нина Васильевна Семей қаласындағы ТОО «Семавтопарк» кәсіпорнының директоры және қаржы директоры қызметтерін атқарған.
Әдебиеттер:
Кашляк В.Н. Семипалатинск: От бургомистра до Акима. – Семей, 2007. – 199 с.
Бейсембаев , Д. Моя Родина – моя гордость! [Текст] / Д. Бейсембаев // Спектр. – 2018. – 14 февраля. – С. 11