Қазақстанның халық жазушысы, Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1980), А.Фадеев атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстан Жазушылар Одағының басқарма мүшесі, Ұлы Отан соғысының ардагері.
Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер
Әзілхан Нұршайықов -“Ақиқат пен аңыз” роман диалог үшін, 1980 жылы Абай атындағы сыйлыққа ие болған.
«Ақиқат пен аңыз» – Әзілхан Нұршайықовтың қаһармандық рухтағы шығармаларының бірі. Роман-диалог 1978, 1980, 2009 жылдары жеке кітап болып жарыққа шықты.
Бұл шығармада Ұлы Отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия палковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасы мүсінделеді.