Серік Нұркенов   ШҚО Жарма ауданы,  Шар қаласында дүниеге келген. Семей қаласындағы  №1 мектепті тәмамдаған. Ғалым, Ресей федерациясының физика-математика ғылымдарының кандидаты, физика мамандығының PhD докторы, халықаралық «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2003 жылы Семейдің Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінде аталмыш оқу орнының түлегі,  «Қазақстанның 100 жаңа есімі»  жобасының жеңімпазы.

Ол бериллий негізіндегі жаңа термо төзімді нано-жабындар әзірлеп, жасаған, олар ядролық медицина, космостық және ядролық энергетикада маңызды практикалық қолданысқа ие.

2009 жылдан бері Республикалық диагностикалық орталықта (Қазір Назарбаев Университеті «University medical Center» КҚ) ядролық медицина бөлімінде жұмыс істейді. Онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды ерте диагностикалау және емдеу тиімділігін бағалау, сондай-ақ емдеу тактикасын өзгертуге себеп болатын метастатикалық зақымдануларды анықтау мақсатында иондаушы сәулелердің ашық көздерін қолдана отырып,  диагностикалық зерттеулерді жүзеге асырып жүрген алғашқы медицина физигі болып табылады. Мысалы, радиоактивтік белгісі бар заттар (басқаша айтқанда 18F-FDG негізіндегі радиофармпрепарат) ағзаға енгізілгеннен кейін физиологиялық және патологиялық процестерге қосылады, бұл оларға онко-процестерді (рак жасушалары) ең ерте кезеңінде тез табуға мүмкіндік береді. Бірегей, жоғары дәлдіктегі және ақпараттық ПЭТ/КТ зерттеулер Қазақстанда алғаш рет 2010 жылдан жасала бастады.

Қазіргі уақытта оның қатысуымен 17 мыңнан аса тексерулер жасалды, олар түрлі «жаңа өспелерді» аурудың ең ерте кезеңінде анықтауға мүмкіндік берді, ал бұл дегеніміз еліміздің азаматтарының құтқарылған мыңдаған өмірі. Серік Нұркенов ғылыми зерттеулерін ҚР Білім және ғылым министрлігінің қаржылық қолдауымен жасаған, республикалық және халықаралық жас ғалымдар байқауларының қатысушысы мен жеңімпазы болған. Нәтижелері жоғары импакт-факторлы рейтингілі журналдарда жарияланған, 45-тен аса жарияланымы бар. Негізгі қызметінен бөлек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық ядролық физика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істейді. Ол екі «Ядролық медицинаның физикалық негіздері» және «Ядролық қондырғыларды медицинада қолдану» арнайы курстарын әзірлеген, медицина физикасы саласында 15-тен аса бакалавр мен магистр даярлап шығарған.        Қоғамдық өмірге белсене араласады: Елбасының жыл сайынғы жолдауларын түсіндіру үшін халықпен кездесулер өткізеді, «Ұлт денсаулығы және ұзақ ғұмыр» дискуссиясының тұрақты модератор мүшесі, Республикалық физика-техникалық қоғамның Астанадағы бөлімшесінің жетекшісі, «Болашақ» бағдарламасының түлектері қауымдастығының мүшесі болып табылады.

ТДҰО, ЖТМО және ҚР БҒМ жобаларының бас сарапшысы. Шығыс Қазақстан облысының Студенттік Парламентінің төрағасы болған (1999-2003 жж.). Жүзумен айналысады, белсенді салауатты өмір салтын ұстанады. Серік Нұркеновке «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына қатысу үшін еліміздің 15 мыңға жуық тұрғыны дауыс берген.

 

Әдебиеттер тізімі:

  1. Төлегенқызы Ж. Ядролық физиканы медицинамен ұштастырған…..// Семей таңы, 2019.- 22 қазан.- Б.1