Кеңестік және қазақстандық дінтанушы және философ, қазақ философиясы тарихының білгірі, абайтанушы, мемлекет қайраткері. Философия докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі. IV және V шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі
Абай атындағы сыйлыққа ұсынылған еңбектер
Есім Ғ. Ғұлама-Наме: ғылыми трилогия. – Астана: Академия Абай, 2019. – 640 б.
«Ғұлама-наме» – Атамекен ойшылдарына арналған кең тынысты, герменевтика тәсілімен жазылған пәлсапалық тұңғыш еңбек. «Ғұлама-наме» – трилогия. Бірінші кітап – хакім Абайға, екінші кітап – данышпан Шәкәрімнің Ар біліміне, үшінші кітап – кемеңгер Мұхтарға арналған. Абай, Шәкәрім, Мұхтар қазақтың төл мәдениеті тарихындағы «бір сөйлем секілді» құбылыс. Біртұтас ғажап әлем – қазақтың ғұламалық әлемі. Автор үш тұлғаның шыққан топырағы Атамекендегі ғұламалық дәстүрге беташар бөлімінде қысқаша талдау жасаған.