Бөлім меңгерушісі:

Нұғыманова Гүлмира Тохтарханқызы
Байланыс тел.: 8(7222) 52-01-44
@mail: semeybib@yandex.ru
071400.Семей қ., Абай көшесі, 86. 
Қызмет тел.: 8(7222) 52-04-94

Бөлімнің мақсаты:

Тұрақты түрде кітапхана мәртебесі мен имиджін көтеруді ұйымдастыру және дамыту;
Көпшілікпен, мемлекеттік, коммерциялық ұйымдармен, қыйырымдылық қорларымен, демеушілер, мецанаттармен байланыс орнату;
Кітапхананы дамыту стратегиясын әзірлеу;
Кітапхана жұмысын жаңашылдыққа бағыттау.

Бөлімнің міндеті:

Қоғамдық ұйымдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысты жетілдіруде кітапхана қызметін ұйымдастыру және үйлестіру.
Кітапхана мәртебесін қалыптастырып, көтермелейтін жарияланымдарды әзірлеу және ұйымдастыру.
Қоғамдық пікірлерді білу мақсатында кітапхана туралы жарияланымдарды талдау.
Шығармашылық одақтармен, ассоциациялармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз байланыс жасап, қоғамдық мәдени және ғылыми шараларды әзірлеуге қатысу және өткізу.
Кітапхана әкімшілігінің басшылығымен басымды жобаларды нақтылау.
Кітапхана қызметін көтеру және жарнамалау.
Кітапханалық іс шаралардың жаңа формаларын ұсыну және кең көлемдегі шаралардың жоспарын құру.
Кітапхана сайтын дамытуды жетілдіруге қатысу.