2007 жыл
Бүгінгі күндері әлемге әйгілі Ғұн (Күн), Түкілердің қара шанырақ иесі қазақ халқы Тәуелсіздікке қолы жетіп, көк байрағы көгілдір аспанда желбіреп, ата–баба рухы жебеуде. Бұған сонау алыстағы Адамзаттың алғашқы бесіктерінің бірі Алтайдағы ағайындар біздерде өте қуаныштымыз. Қазақстан біз үшін медеу, айбарымыз. Семей өлкесінде көшпенділердің екі ұлы тұлғасы Шыңғыс хан және ұлы Абайлар тоғысқан жер. Ұлылар жері. Оны Абай атындағы әмбебап кітапханасынан көруге болады. Кітапханадағы көне жәдігер кітаптар бізді ерекше тәнті етті. Келешекте осы кітапханамен, шет елдегі қазақ кітапханаларының тәжрибе алмасу жұмыстарын жүргізсек нұр үстіне нұр болар еді. Кітапхана қызметкерлері нағыз мәдениет қызметкерлері, сыпайы қарындастар екен. Сіздерге «алтын қабан» жылы табыс тілеймін!
Ізгі ниетпен Маңғол елі Әлемдік Шынғыс хан Академиясының академигі.
Тарих ғылымының докторы, этнограф Биқұмар Кәмәлашұлы.
23 – қаңтар 2007 жыл.
2012 жыл