1958 жылы 24 тамызда Семей облысы, Шұбартау ауданында дүниеге келген. 1982 жылы Алматы қаласындағы мединститутты қызыл дипломмен бітірген.
1982-1983 жылдары Уржар аудындағы орталық ауруханада,
1983-1986 жылдары Шұбартау ауданының «Алғабас» ауылында бас дәрігер,
1986-1988 жылдары Ғылыми зерттеу институтының клиналық ординатурасынын «кардиология» бөлімінде, 1988-1989 жылдары Семей қаласындағы №3 поликлиникасындағы кардиолог дәрігер қызметін атқарды. 1989-1994 жылдары Семей қаласындағы консультативтік –диагностикалық орталығында функционалды диагностиканың бөлім меңгерушісі, 1994-2008 жылдары Семей қаласындағы консультативтік–диагностикалық орталығында кардиология бөлімнің меңгерушісі.
2008 жылдың сәуір айынан бастап, Астана қаласындағы Республика диагностика орталығының функционалды диагностика және ультрадыбысты зерттеу бөлімінің меңгерушісінің қызметін атқарады. Қазақ Ғылыми зерттеу институтутының екі жылдық ординатурасын кардиология мамандығы бойынша бітірген. «Диастология функция левого желудочка у здоровых и у больных с ишемичесой болезнью сердца и влияние на нее антиангинальных препаратов» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.
Биология ғылымдарының кандидаты. 20-ға тарта ғылыми мақаланың және 4 рационализаторлық ұсыныстың авторы.
2011 жылы ҚР Денсаулық сақтау ісіне сіңірген еңбегі үшін төсбелгісімен марапатталған.
Әдебиеттер:
- Төлемісұлы К.К. Шұбартау тарихы. – Семей. – 2016. – Б.322