Раиса Нұрғалиқызы Нұржанова 1931 жылдың 23 мамырында Батыс Қазақстан облысы Петропавловск қаласында дүниеге келді. Фельдшерлік-акушерлік мектепті, кейін Семейдің медициналық институтын бітіріп, Ақсуат аудандық ауруханасына жіберілді. 1963 жылы Раиса Нұрғалиқызы Семей облыстық туберкулез диспансеріне өкпе туберкулезі бөлімі меңгерушісі болып тағайындалып, онда 23 жыл еңбек етті.
Нұржанова Р.Н. «КСРО санитарлық қорғаны үздігі», « Қазақ КСР еңбек сіңірген дәрігері», «Денсаулықсақтау ісінің үздігі», «Социалистік еңбек Ері» атақтарының иегері. Көп жылдық және жемісті еңбегі үшін Нұржанова Р.Н. Ленин орденімен, бірнеше рет одақтық, республикалық және облыстық маңызы бар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Әдебиеттер:
- Арынұлы Р. Халқына қалтқысыз қызмет еткендер // Ертіс өңірі. – 2016. – 7 желтоқсан. – Б.13
- Бейсембиева К. Еңбек ері дәрігер // Мәдениет және тұрмыс. – 1984. -№9. – Б.20-21
- Елеуғожин Б. Деңсаулық күзетінде // Семей таңы. – 1978 – 13 сентябрь. – Б.4
- Елеуғожин Б. Алтын жұлдыздары дәрігері // Семей таңы. – 1978. – 1 ноябрь. – Б.2
- Ешмұхаметова К. Жастарға үлгі // Семей таңы. – 1978. – 7 ноябрь. – Б.4
- Сейсенов Д. Өмір іздері // Социалистік Қазақстан. – 1979. – 25 август. – Б.4