781949 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қайнар ауылында туған. 1972 жылы Алматы мемлекеттік мединститутын бітірген.

1972-1973 жылдары Алматы қалалық клиникалық ауруханасында, 1973-1976 жылдары емханада дәрігер, 1976-1991 жылдары Клиникалық және эксперименталды хирургия ғылыми-зерттеу институтында  кіші, аға ғылыми қызметкер. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми орталығында лаборатория меңгерушісі (1991-1996) болды.

1996 жылдан ҚР ҒА Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментінде бас ғылыми сарапшы қызметін атқарды.

70-тен астам ғылыми жарияланымның авторы, 2 өнертабыстың иегері.

Медицина ғылымдарының докторы. (1994)

 

Әдебиеттер:

  1. Қазақстан ғалымдары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. – Б.506
  2. Кто есть кто в Казахстанской науке: справочник / гл.ред. А.Нысанбаев; сост. А.А.Женсыкбаев, М.Ш.Хасанов, В.А.Лата, А.Т.Тусупов. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 1999. – С.260.
  3. Шығыс жұлдыздары: энциклопедиялық анықтамалық. Т.2. – Астана: Фолиант, 2011. – Б.181