Сейсенұлы ДаулетДәулет Сейсенұлы 1949 жылы 28 ақпанда Семей облысының Абай ауданы Саржал ауылында туған. 1971 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. Облыстық «Семей таңы» газетінде, облыстық партия комитетінде қызмет атқарған.
1983 жылдан бері республикалқ «Егемен Қазақстан» газетінің Семей өңірі бойынша тілшісі болды. Осы жылдарда “Ақиқат”журналында, еларалық», «Заман Қазақстан», облыстық әкімшілікте қызмет істеген.
Ол «Жұлдыздар сөнбейді» атты әңгімелер жинағының, «Қазақтың саны қанша», «Семей елі, Семей жері»(2001), «Шежірелі Шыңғыстау» атты деректі кітаптардың авторы. 2007 жылы қаламгер Дәулет Сейсенұлының ғұлама ақын Шәкәрімнің туғанына 150 жыл толуына орай «Нартұлға» сериясымен жарық көрген әдеби көркем тілді ««Шәкәрім» (2007) атты ғұмырбаяндық кітабы жарыққа шықты.
Дәулет Сейсенұлы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, Абай ауданының құрметті азаматы. 2001 жылғы 27 желтоқсандағы Семей қаласы әкімінің шешімімен «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.
Сейсенұлы Дәулет – Семей қаласының және Абай ауданының құрметті азаматы, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Облыс әкімі сыйлығының лауреаты, жазушы, журналист, «Егемен Қазақстан» газетінің Семейдегі меншікті тілшісі болып көп жылдар қызмет атқарды.

Әдебиеттер:

1. Сейсенұлы Д. Семей елі, Семей жері. – Семей, 2001. – 400 б.
2. Сейсенұлы Д. Шәкәрім: Ғұмырнамалық баян. – Астана: Фолиант, 2007. – 264 б.
3. Сейсенұлы Д. Қасірет пен қасиет яки ядролық сынақ аймағының өткені мен бүгіні:
Семей сынақ полигонының жабылғанына 25 жыл // Семей таңы . – 2016. – 16 ақпан. – Б. 3
4. Ахметбекова А. Шежіреден сыр шертеді (Журналист Дәулет Сейсеновтің
“Шежірелі Шыңғыстау” атты кітабы туралы) // Семей таңы. – 2004. – 19 қараша. – Б. 6
: