Бөкей О. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Бірінші том. Повестер.- Алматы: Жазушы, 1994. – 496 б.
Белгілі жазушы Оралхан Бөкейдің екі томдық шығармаларының бірінші кітабына оқырман қауымға кеңінен танымал «Құм мінезі», «Бәрі де майдан», «Сайтан көпір» және т.б. повестері еніп отыр.
«Бәрі де майдан» повесі соғыс кезіндегі тылдағы өмір шындықтарын шынайы көрсетуімен, кейіпкер характерін нанымды жеткізумен құнды деп білеміз. Жазушының эстетикалық мұраты да Ақан мен Алма сынды абзал жандардың сол бір сұрапыл кезеңдегі рухани ерлігі мен адамгершілік тазалығын көрсету болған. «Сайтан көпір» повесінде де табиғатты негізгі фон ретінде ала отырып, оның құпия – сырларымен бірге адам жан сырының қалтарыстарын ашуға ұмтылады. Өмірден ерте кеткенімен артына мол әдеби мұра қалдырған Оралхан Бөкей ұлттық көркемөнерімізде өзіндік орны бар ірі суреткер. Жазушының адамның сезім тұңғиығына, жан-дүние тереңіне ой-арманына үңілген шығармалары туған халқымен бірге жасасып, оның рухани игілігіне қызмет ете береді.
Парасат жыры (Алғы сөз)…………………………………. 3
Құм мінезі………………………………………………………… 16
Өліара………………………………………………………………..58
Бәрі де майдан……………………………………………………89
Сайтан көпір………………………………………………………187
Қар қызы……………………………………………………………277
Жетім бота…………………………………………………………381
Мынау аппақ дүние…………………………………………… 442
Бөкеев О. Ұйқым келмейді: Повесть, әңгімелер.- Алматы: «Жалын», 1990.- 560 б.
Қазақ ССР Мемлекеттік және Қазақстан Ленин комсомолы сыйлықтарының лауреаты О. Бөкеевтің жаңа жинағына «Атау-кере» повесі мен топтама әңгімелері енді. Повесте Алтай тауындағы омарташылар өмір -тіршілігі қамтылған. Бас кейіпкер Еріктің, оның шешесі Нюраның жұбайы Айнаның арасындағы оқиға психологиялық ауанда өрбиді. Сондай-ақ бас тұлғаның бірі Таған атты аптал жастың талантын таптаған маскүнемдік дертке душар болу себептері де сезімталдықпен суреттеледі. Автор сонымен бірге, сонау ашаршылық, жеке басқа табынушылық кезіндгі ел ішіндегі нәубетті дәл көрсетіп, көңілге қозғау салады.
Жинақтағы соңғы уақыттары жазылған соны әңгімелер де көркемдігімен, ұтырлы ой тастайтындығымен құнды. Бұрынғы басылымдар арқылы етене таныс «Кербұғы», «Терісаққан», «Қамшыгер» тәрізді т.б. туындылар оқырмандарымен қайта қауышпақ.
Бөкеев О. Қамшыгер: әңгімелер.- Алматы: «Жазушы», 1970.-136 б.
«Қамшыгер» жазушы О. Бөкеевтің тұңғыш кітабы. Бұл жинаққа өміріміздің әр қырын әңгімелеген «Бура» және «Қамшыгер», «Терісаққан» секілді шығармалары енді.Әңгіме кейіпкерлері өмірдің жеңімпаздығын бейнелейді.
Бөкеев О. Өз отыңды өшірме: Роман.- Алматы: «Жазушы», 1981.- 384 б.
«Өз отыңды өшірме» жазушы О.Бөкеевтың роман жанрындағы тұңғыш шығармасы. Автор бұл кітабында қазақ даласында Совет өкіметін түпкілікті орнату мен Түркістан – Сібір магистралін салудағы қарапайым еңбек адамдарының жанқиярлық ерлігін шежірелейді.