554Туған жер, ел тарихы жайындағы тарихи-танымдық шығармалардың авторы, белгілі қаламгер, Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі, Қазақстан Республикасыынң Журналистер Одағының мүшесі Молдабек Жанболатұлы Жанболатов 1936 жылы 7 желтоқсанда Абай ауданында дүниеге келген.  Ұзақ жылдар Абай, Ақсуат, Жаңасемей аудандарында комсомол, кеңес, партия органдарында басшылық қызметтерде болған шежіреші-қаламгер еліміздің Шығыс аймағында мәдениет, әдебиет, өнер, ұлттық рух туының биікте болуына ат салысып келеді.

Ауыл мәдениеті, бала тәрбиесі, ұлттық өнерді халықтық әдет-ғұрып, салт-салтанат үлгісін сақтап, оны өмірге орнықтыру мақсатында жүргізіліп келген жұмыстарын аудандық, облыстық газет, телерадио хабар арқылы насихаттауды дағды еткен Молдабек Жанболатұлы төселген қаламгер, журналист болып танылған адам. Халқымыздың археологиялық, этнографиялық қазынасы мен ауыз әдебиеті, қолөнерінің, тұрмыстық дағды, мінез-құлық, әдеп-дәстүр, ырым-тыйым, жол-жора үлгілерін сұрыптап, оның озық үлгілерін насихаттауда білімдарлық көрсетіп келе жатқан өнегелі тұлға.

«Таным, талғам, тағылым», «Өнегелі өмір», 7 томнан тұратын «Тобықты-Шыңғыстау шежіресі», «Наурызнама», «Би ата», «Әнет баба», «Тобықты Мамай батыр, би», «Батыр баба», «Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға болсын кез» атты кітаптар жазып, «ШҚО энциклопедиясына» 230 адам, жер-су тарихынан деректер берді.

Осы шығармаларды жинап, жүйелеп жазуға ширек ғасырдан артық өмірін арнаған Молдабек Жанболатұлы Тобықты жұртының Сыр бойындағы, Түркістандағы, Алатау алқабы Жетісу бойындағы, Балқаш Тоқырауындағы Алтай, Ақ-Қара Ертіс бойындағы шашырап кеткен ұрпағын туыстарын түгендеуші ғана емес, халық тарихын тірнектеп жинап, бар қазақ етене туыс, тағдырлас жұрт екенін дәлелдеп келеді.

Әдебиеттер:

  1. Жанболатұлы М. Таным. Талғам. Тағылым. – Алматы: Шартарап, 1996. – 122 б.
  2. Жанболатұлы М Әнет баба (Тарихи танымдық толғамдар, ғибратты әңгімелер мен арнаулар жинағы). – Алматы, 2011. – 365 б.
  3. Жанболатұлы М. Өнегелі өмір: Деректі повесть. – Алматы: Дәуір, 1999. – 224 б.
  4. Жанболатұлы М. Тобықты-Шыңғыстау шежіресі. Т.1. / Үш томдық. – Алматы: «Курсив», 2004. – 519 б.
  5. Тобықты Мамай батыр, би: Тарихи – танымдық жинақ. – Астана, 2015. – 340 б.

6.Жанболатұлы М. Шынайылылық – бар игілік бастауы:  / Әңгімелескен  А.Мырзахан  //  Семей таңы . – 2016. -22 қараша.- Б. 6.

  1. Жанболатұлы М. Наурыздың астарлы сырлары мен мәні // Семей таңы . – 2010. – 18 наурыз. – С. 3
  2. Жанболатұлы М. Халқымыздың қазынасына қамқор болайық // Ертіс өңір . – 2016. – 28 қыркүйек. – Б. 10
  3. Жанболатов М. Киіз үйден Крмель сахнасына дейін…[ “Еңлік-Кебек” спектаклінің сахналануына 100 жыл толуына орай] // Ертіс өңірі. – 2017. – 1 наурыз. – Б. 11,16
  4. Жанболатов М. Ел басқару ісінде Кеңгірбай бидің үлгісін ұстанған // Аңыз адам. – 2015. – № 13. – Б. 41

***

  1. Бәшей К. “Тобықты – Шыңғыстау шежіресі” (кітабын жазған М.Жанболатұлы туралы) // Ертіс өңірі. – 2005. – 27 қаңтар. – Б. 16
  2. Имаханов Ә. Өнегелі істері көз алдымда // Семей таңы. – 2013. – 29 қаңтар. – Б. 7
  3. Кәрібжанов О. Абыз қария сексенде // Семей таңы.- 2016. – 30 қараша.- 12 б.
  4. Кәрібжанов, О. Күнге тосқан маңдайын [ҚР Журналистер Одағының мүшесі, Абай, Ақсуат ауданының құрметті азаматы, этнограф, абыз ақсақал Молдабек Жанболатұлы туралы] // Абай . – 2016. – № 4. – Б. 58-63
  5. Оразғалиев Б. Ауыл спортын алға сүйреген жан (Этнограф, шежіреші, мәдениет пен спорттың дамуына үлкен үлес қосқан Молдабек Жанболатұлы туралы) // Ертіс өңірі. – 2014. – 2 сәуір. – Б. 12
  6. Сейсенұлы Д. Салтымыздың салт-дәстүрін ұлықтаған: Жергілікті этнограф,

шежіреші Молдабек Жанболатов ақсақал туралы бір үзік сыр  // Егемен Қазақстан. – 2012. – 30 наурыз. – Б. 8.

  1. Тоқтасынқызы А. Киелі топырақтың текті ұрпағы // Ертіс өңірі. – 2016. – 30 қараша. – Б. 12-13