п

1961 жылы 3 шілдеде Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бесқарағай ауданы,  Большая Владимировка селосында дүниеге келген.

Әскерге шақырылғанға дейін Қарағанды облысы, Саран қаласындағы жылжымалы механикаландырылған колоннада жұмыс істейді.

1981 жылы 7 сәуірде Саран қалалық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.Осы жылдың маусым айынан  кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингенті құрамында болды. Бірнеше ұрыстарға және автокөлік лектерін алып жүруге қатысып, өзін батыл жауынгер ретінде көрсетті. 1981 жылы маусымда Ауғанстанға жіберіледі. 1982 жылы 25 қаңтарда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.  Бесқарағай ауылында жерленген.

Ерлігі мен қайсарлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының  Жарлығымен  Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).   

   Әдебиеттер:

Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 264 б.