1967 жылы 7 қарашада Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Абай ауданы, Бестамақ ауылында дүниеге келген. Семей қаласындағы № 7 мектеп-интернат пен № 1 орта мектепте білім алады.
1987 жылы 27 шілдеде Семей қаласындағы Калинин аудандық әскери комиссариатымен КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1987 жылы қазан айында Ауғанстанға жіберіледі. 1987 жылы 24 желтоқсанда Турагунди елді мекенінде күзетте тұрған жерінде қарсыластардың жасаған шабуылын тойтару кезінде алған жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.
Абай ауданы, Қызыл Ту ауылында жерленген. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).
Әдебиеттер:
Даңқ: Энциклопедиялық анықтамалық / Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: «Сөздік-Словарь» ЖШС, 2009. – 338 б.