Ертаев Бақытжан Ертайұлы

cf5Ертаев Бақытжан Ертайұлы 1952 жылы туған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1973), М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірген (1985). Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабы Әскери академиясында оқыған (1996). 1973-1980 жж. – мотоатқыштар взводы, рота командирі.
1980-1982 жж. – Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингент құрамында мотоатқыштар батальоны штабының бастығы – командирінің орынбасары, 66-шы жеке мотоатқыштар бригадасында және 68-шы мотоатқыштар дивизиясының 188-шы мотоатқыштар полкында батаольон командирі болып табылды.
1982-1985 жж. – М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы.
1985-1992 жж. – Кеңес әскерінің Германиядағы тобында 35-шы мотоатқыштар дивизиясы полк командирінің орынбасары, полк командирі.
1992 ж. – Қазақстанның Қарулы Күштері құрылғаннан бастап Казақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінде әскери қызмет өткерген.
1992-1997 жж. – 97751-ші әскери бөлімінің командирі.
1996-1997 жж. – 1-ші әскери корпустың командирі.
1997-2000 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы.
1999 жылғы тамыздан бастап 1999 жылғы 13 қазанға дейін Қорғаныс министрінің міндетін атқарған.
2000-2002 жж. – Шығыс әскери округі әскерлерінің колбасшысы.
2002 жылғы қаңтар-қырқүйекте – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясының бастығы.
2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің ҰҚШҰ әскери ынтымақтастығын үйлестіру штабында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілі.
2003-2005 жж. – Жауынгерлік даярлық жөніндегі құрлық әскерлері қолбасшысының орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық жөніндегі бас басқармасының бастығы.
2005-2008 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының Жауынгерлік даярлықты бақылау мен ұйымдастыру жөніндегі генерал-инспекторы.
2008 -2011жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Жауынгерлік даярлық жөніндегі штаб бастықтары комитетінің төраға орынбасары.
2009 – 2011 жж. – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының бастығы.
2012 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Халық қаһарманы» құрмет атағымен, «Отан», «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Данқ» және басқада жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталған.
2013 жылы 15 тамыздағы Семей қаласы әкімінің шешімен Ертаев Бақытжан Ертайұлына Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Елі ерін ардақтады // Ертіс өңірі. – 2013. – 18 желтоқсан. – Б. 1
Жанатұлы, Ерзат. Аңсаған арманға қол жеткен күн / Е. Жанатұлы // Семей таңы . – 2013. – 20 желтоқсан. – Б. 1
Жанатұлы, Ерзат. “Шығыс” өңірлік қолбасшылығына -20 жыл / Е. Жанатұлы // Семей таңы . – 2012. – 30 қараша. – Б. 2
Мұратқалиұлы, Жақсылық. Отан – ортақ үйіміз / Ж. Мұратқалиұлы // Семей таңы. – 2016. – 22 шілде. – Б. 1
Омаш А. Бақытжан Ертаев семейліктермен жүздесті / А. Омаш // Ертіс өңірі . – 2016. – 27 шілде. – Б. 5

Жаңбырбаев Әбілқасым

g7Әбілқасым Жаңбырбаев 1927 жылдың 1 қаңтарында дүниеге келді. 1934 жылы қаладағы №16 метепте оқыды. Хор үйірмесіне қатысып, гармонда шебер ойнаған талантты жас болды.
1942 жылы Семей облыстық музыкалы драма театрына қабылданып, құрмет демалысына шыққанға дейін жемісті қызмет етіп, күрделі рольдерді аса шеберлікпен сомдады. Театрға арналған 62 жыл ғұмырында 400-ге жуық рөлде ойнаған. Сахнада 400-ге жуық рольді сомдаған театр тарланы жаңа бейне, образ жасап, «Ер Тарғындағы» күтуші баладан бастап, «Ғалиябанудағы» Исмағұл, «Айман-Шолпандағы» Арыстан, «Қозы-Көрпештегі» – Қарабай, «Қаракөздегі» Сырым, «Малиновкадағы той» қойлымындағы банды Ряб баба рөлдері Әбілқасымды өнер биігіне жетелей берді.
1965 жылы Ленин рөлін ойнау үшін актер таңдауға Алматыға шақырылады. Танымал сахна саңлақтарының ішінен Әбілқасым Жаңбырбаев ілігіп, Ленинді қаз-қалпында сомдағаны үшін 1970 жылы «Халық әртісі» атағы берілді. 1954 жылы «Қазақстанға еңбек сіңірген әртісі» атағын алды. Орыс, өзбек, грузин тәрізді әр ұлт өкілдерінің рөлін ойнаған Әбілқасым Қытайдың «Делқұлы» образын да сәтті бейнелеп шығады.
Әбілқасым Жаңбырбаев қоюшы-режиссер ретінде де танылды. Онға жуық қойылған қойылымдарының шінде «Адасқан қаз», «Қош бол, менің ертегім», «Аюбайдың ажалы» сынды туындылар бар. Тер төккен сайын ашыла түскен Әбілқасым «Жаушы», «Қан мен тер», «Толқындар жағада өледі» сияқты фильмдерге түсті. Театр сахнасында небір күрделі образдар сомдады. Мұнда ол “Жалбырдағы” Молданы, Сырым мен Кебекті, “Ақан Сері Ақтоқтыдағы” Науанды, “Комиссар Ғаббасовтағы” Сабыржан т.б. бейнелерді сомдады.
1958-1973 жылдар аралығында «Қан мен тер», “Жаушы”, қырғыз фильмі «Толқын жағада өледі” деген киноларға түсіп есімі кеңінен таныла бастады. “Құрмет белгісі” орденімен және бірнеше медальдардың иегері Әбілқасым Жаңбырбаев 2002 жылы Семей қаласы әкімінің шешімімен «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Әдебиеттер:

Әбішева С. Мақсат биігі // Семей таңы .- 1983.- 4 тамыз
Камбаров Ж. Сахнагер .- Семей, 1997.
Қамбаров Ж. Сан сырлы сахна.- Алматы: Қазақпарат, 2004.- 760 б.
Мұхаметқалиқызы А. Театр тарланы// Ертіс өңірі .- 2005.- 12 сәуір.- Б.29