Құрманғалиев Фазыл Құрманғалиұлы

Құрманғалиев Фазыл Құрманғалиұлы 1934 жылы туған. Білімі жоғары. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын, Мәскеу қаласының А.А. Вишневский атындағы институттың ординатурасын бітірген.

Склифосовский атындағы «Жедел жәрдем» институтында дәрігер-хирург, Семей мемлекеттік медицина институтының госпитальдік хирургия ассистенті, Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасының госпитальдік хирургия кафедрасының ассистенті болып профессор М.Д. Арслановтың қарамағында, торокальді хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Семей облысының бас хирургі қызметтерін атқарған.

Хирургия доценті, Денсаулық сақтау саласында сіңірген еңбегі үшін – Денсаулық сақтау Үздігі атақтары берілген.

1999 жылы Семей қаласы әкімінің шешімімен Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 242-244 б.

Матаев Хафиз

gk4Хафиз Матаев – 1931 жылы 8 қаңтарда дүниеге келген Абай ауданының тумасы. Өйткені, 1969-1973 және 1978-1991 жылдар аралығында осы ауданды басқарып, тағдыр тауқыметінен тұралап қалған елдің еңсесін көтерген оның жанкешті еңбегін абайлықтар аңыз қылып айтатыны шындық.
Алғаш Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып келгенінде аудан орталығы Қарауылда және Қайнар, Саржал ауылдарында жаңа типті мектептер, Қарауылдағы 500 орындық Мәдениет үйі, 280 орындық балабақша, аурухана т.б. әлеуметтік маңызы бар құрылыстар сол жылдары салынып, Семей- Қарауыл асфальт жолы төселді. Атағы талай елге жеткен «Қаламқас» ән-би ансамблі де сол жылдары құрылады.
Х. Матаев әлі де тыным таппастан, ұлы Абай мұрасын жас ұрпақ санасына сіңіруге үлкен үлес қосып жүрген азамат. 2000 жылы алғаш рет ұлы ойшылдың 155 жылдығына орайлас басталып, мектеп оқушылары арасында жыл сайын өткізіліп келе жатқан республикалық Абай оқуларының ұйымдастырушыларының бірі, қазылар алқасының төрағасы.
Хафиз Матаев басқарған жылдары Абай ауданы тоғыз рет Бүкілодақтық социалистік жарыс жеңімпазы атанып, Қызыл Тумен, дипломдармен марапатталды.
Тәуелсіз Қазақстанның, қазақ халқының тарихын жасайтын, өзіндік табиғи келбетін танытатын адамдар – ұлы Абайдың рухани мұрагері, көрнекті қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат», «Еңбек Қзылы Ту» ордендерінің иегері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, еңбек ардагері Хафиз Матаев Семей өңірінің адал перзенттері екендігі анық. «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы 1999 жылы 20 қазанда берілді.

Әдебиеттер:

Баттал Р.М. Шыңғыстаудың шынары // Қазақ әдебиеті .- 2006 .- 13 қаңтар.- 11 б.
Екібаев Ж. Кемел тұлға // Дидар.- 2006.- 7 қаңтар.- Б.2
Зекенұлы, Қ. Ел басқару ережесі // Ертіс өңірі. – 2011. – 5 қаңтар. -10 б.
Матаев Х. “Адал еңбектің жемісін көру – нағыз бақыт”// Семей таңы . – 2011. – 5 қаңтар. -4 б
Матаев, Хафиз. Қайталанбас биігі бар «Қаламқас»: 40 жыл// Семей таңы. – 2012. – 13 қараша. -3 б.
Мәмет С. Абыройлы ақсақал // Егемен Қазақстан. – 2011. – 8 қаңтар. – С. 9; Дидар. – 2011. – 27 қаңтар. -7 б.

Маусынбаева Ләйла Насырқызы

Маусынбаева Ләйла Насырқызы 1948 жылы туған.
Семей өңірі халқының білім, экология, радиация және денсаулық проблемалары бойынша 60-тан астам ғылыми еңбектің авторы, Қазақстан Республикасы Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды.
Үздіксіз ғылыми қызметімен қатар және «Қайнар» филиалына басшылықпен қатар ауқымды қоғамдық жұмысты жүргізеді, Қазақстан халықтары іскер әйелдері қауымдастығының мүшесі, ШҚО әкімдігі жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия мүшесі, қалалық әйелдер кеңесінің мүшесі, Астана қаласындағы 2006 ж. әйелдердің Евразиялық саммитінің қатысушысы, 2004-2007 жж. – халықаралық әйелдер форумының қатысушысы,«Қазақстанның алтын әйелдері» айдарындағы республикалық «Ажар» конкурсының жеңімпазы. елдің қоғамдық және саяси өміріне белсене қатысқандығы үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы ғылымының дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, ҚР білім және ғылым министрлігінің, ШҚО әкімінің, Семей қаласы әкімінің Құрмет грамоталарымен наградталды. Париж қаласының халықаралық университеттер қауымдастығының Атилланың 1600 жылдығына арналған медалімен марапатталды.
Ол басқаратын білім кешені – ЖОО-колледж-гимназия – «Қанатты әйел -2» Ұлттық жәрмеңкесінің 1 дәрежелі дипломымен наградталған Семейдің оқу орны болып табылады. Ел Президентінің сайлауы кезеңінде Мемлекет басшысының сенімді тұлғасы болды.
Ол кәсіби шеберлік, біліктілік, жоғары ұйымдастырушылық қабілет, адамдармен тіл таба білу, әлеуметтік және саяси белсенділік қасиеттерімен ерекшеленеді.
«Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» атағының иегері. «Саладағы үздік оқу-әдістемелік басылым” Бүкілресейлік көрмесінің лауреаты.
«Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» белгісімен.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрмет Грамотасымен Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының «Ғылыми жаңалық авторы» естелік медалімен
«Астанаға 10 жыл» мерекелік медалімен, Халықаралық ядроға қарсы «Семей – Невада» қозғалысының 20 жылдығы» мерекелік медалімен, Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған. Семей қаласы әкімінің шешімімен 2011 жылы 2 желтоқсанда Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Шарапиева , Ләззат. (журналист). Келер жылдың бюджеті бекітілді / Л. Шарапиева // Семей таңы . – 2011. – 23 желтоқсан. – С. 1 ; Семей таңы . – 2011. – 6 желтоқсан. – С. 1