Омаров Қабыш Омарұлы

Омаров Қабыш 1919 жылы туған. Ленинград әскери байланыс училищесін бітірген.
Соғысқа 1941 жылғы 22 маусымда таңғы сағат 4-ге Шығыс Пруссиямен шекарада 68-нығайту ауданының 10-жеке пулемет батальонының құрамында байланыс взводының командирі қызметіне кірген.
1945 жылдың аяғында Отанына, Семей қаласына оралды.
1964 жылдан бастап 1981 жылғы қыркүйекте зейнет демалысына шыққанға дейін «Қайрат» облыстық ауылдық спорт қоғамының төрағасы болып жұмыс істеді.
Фашизмге қарсы белсенді жауынгерлік іс-қимылы, ерлігі мен батырлығы үшін Францияның Жауынгерлік Крест орденімен және екі жауынгерлік медальдарымен наградталды.
Қабыш Омаров Ұлы Отан соғысының қатысушысы, 1-топтағы мүгедегі. Отан соғысы орденімен және 5 медальмен наградталған.
Фашистік Германиямен соғыстағы Жеңістің 50 жылдығы құрметіне Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.
Дене шынықтыру және спорт жүйесіндегі ұзақ жылғы мінсіз жұмысы үшін республиканың және Одақтың медальдарымен және Құрмет Грамоталарымен наградталған, КСРО дене шынықтыру және спорт жөніндегі Комитетінің құрмет Кітабына есімі жазылған.
Семей қаласының құрметті азаматы.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Башеев, К. Ұлылар мекенінен ұшқан ұл еді // Ертіс өңірі.  2009.  27 мамыр.  Б. 7.

Өлмесеков Келденбай

g21Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Құйған ауылында 1953 жылы 25 мамырда туған. Бала күннен әнге әуес әнші Алматыдағы эстрада студиясын 1977 жылы бітірген. Атақты әншілер Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтардан дәріс алған өнші еңбек жолын Өскемен филармониясынан бастап, 1978 жылы Әміре Қашаубаев атындағы Семей филармониясында жалғайды. Мәдениет Ешекеевтей, Болат Сыбановтардай әншілердің кешіне ерген Келденбай репертуарында 300-ге жуық халық композиторларының әндері бар.
1980 жылдардың соңында Төкен Ибрагимовтей арналы ағалардың ақылымен Шәкәрімдей шалқар теңіз тамшысының дәмін татты. Кәусар бүлақтан сіміріп, бойына сіңіре білген Келденбай көп ізденуді де білді. Шәкір Әбенов, Ахат Қүдайбердиев, Ниязбек Алда-жаров, Қабыш Керімқұловтай ақсақалдардың алдын көрді.
Келденбай үғымында өнерге қиянат жасамау, жалтармау ерекшелігі қалыптасқан. Өзінің тек өнерді шын пейілімен сүйгендігімен, жеке басын күйттемей бір үстаныммен ғана жүрген Келденбай Қазақстанньщ төртбүрышын жаяу аралады.
Өнерден өз жолын тапқан Ә.Қашаубаев атындағы филармония әншісі Келденбай Өлмесековтың 2001 жылы “Мәдениет қайраткері” белгісімен марапатталуы әншінің талай істі тындыра алғандығының белгісі.
2003 жылы республикалық Абай мұражайында әншінің “Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек” деген шығармашылық кеші өтті. Абай атындағы театрда “Мыңыншы концертім” атты шығармашылық кеші етті. Келденбай Қазақстанды шарлай жүріп берген лекция-концертінің саны 15 жылдың ішінде әлдеқайда көп екені белгілі. Құрмет грамотасының иегері, Әміре Қашаубаев атындағы республикалық байқаудың лауреаты Келденбай Раузаұлы тек әнші ғана емес, шәкәрімтанушы. Шәкәрімнің 20-дай әнін талмай жүріп іздеп, реперуарына енгізді, оны бейнетаспаға шығарды. Ол өзінің әнге де бай, әңгімеге де жетік екенін көпшілік алдында тағы да бір дәлелдеп берді.
Өлмескеов К. – Семей қаласының құрметті азаматы, Абай ауданының, Күршім ауданының құрметті азаматы.

Әдебиеттер:

Өлмесеков К. «Кейде мен де «Халық әндері өліп кете ме» деп қорқамын…»:(Шәкәрім әндерін насихаттаушы) // Ертіс өңірі.-2010.-28 шілде.-13 б.
Ахметжанов А. Шәкерім әндерін орындаушы // Семей таңы.-1998.-20 тамыз.
Ибрагимов Т. Толқын толғау. – Алматы: Өнер, 2000. – 343-3476.
Иманбаева, А. Шәкәрім мұрагері: // Мәдениет. – 2012. – № 1. – С. 12-15 :
Зекенұлы Қ. Мыңыншы концертін берді // Семей таңы.-2003.-19 қыркүйек.-2 б.
Иманбаева А. Шәкәрім мұрагері // Ертіс өңірі.-2011.-12 қазан.-10 б.
Кәкімұлы Қ. Аяқталмаған ән: (Әнші К. Өлмесековті // Ертіс өңірі . – 2011. – 7 қыркүйек. – 8 б.

Панин Михаил

g22Михаил Семенович Панин 1940 жылы 6 ақпанда Семей облысы, Бородулиха ауданының Камышенка селосында дүниеге келді. 1963 жылы Семейдің педагогикалық институтының биология-химия факультетін үздік бітірген соң, химия кафедрасында оқытушылық қызметке қалдырылды. Бүкіл саналы ғұмырында кафедра меңгерушісі, биология-химия факультетінің деканы, проректор және пединституттың ректоры қызметтерін атқарды.
М. Панин – биогеохимия ғылымына қалам тартқан ғалым. Ол Қазақстанның биосферасындағы ауыр металдар мен радионуклидтер саласында көп жылдан бері аянбай еңбек етіп келеді. Бүгінде 220 ғылыми жұмыстың, 4 монографияның авторы. Зерттеген материалдары 87 халықаралық, республикалық, аймақтық конференцияларда орын алды. Одан басқа жоғары мектеп мәселелеріне арналған 45 әдістемелік-ғылыми жұмыстары баспадан жарық көрді.
Көп жылдар бойы М.Панин бұрынғы СССР –дің биогеохимиялық аудандастары комитетінің мүшесі болып келді. Ғылыми жұмыстарының нәтижесі аймақтық халық шаруашлығының практикасына және университеттің оқу процесінде енгізілді. М.Паниннің басшылығымен университетте «Биогеохимия», «Экология» мамандықтары бойынша аспирантура мен магистратура ашылып тікелей жетекшілігімен кандидаттық диссертациялар қорғалды және шәкірттері ғалымның ізін басып өз жұмыстарын жалғастыруда. Өзінің көп жылдық зерттеу жұмыстарын докторлық диссертацияға ұластырып, Новосибирск қаласындағы Ресей ғылым академиясы Сібір бөлімшесінде 1999 жылдың қараша айында зор табыспен қорғады.
М.С. Панин білім беруді ізгілендіру Халықаралық академиясының академигі, акмеологиялық ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының жаратылыс ғылымдары Академиясының академигі, Қазақстан жоғары мектебі Академиясының корреспондент – мүшесі болып сайланды.
Михаил Семенович – «Қазақ ССР– нің жоғары оқу орнына еңбегің сіңген қызметкері», Шығыс Қазақстан халқының Кіші Ассамблеясының мүшесі. Көп жылдық ғылыми-педагогикалық қызметі үшін «Құрмет» белгісі орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Қазақ ССР – нің халық ағарту үздігі», «Қазақстан Республикасының оқу-ағарту ісінің үздігі», Білім министрлігінің т.б. Құрмет грамоталарымен марапатталды.
1997 жылы Семей қаласының әкімі шешімен 28 қазанда «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды.

Әдебиеттер:

Есенжолов Е. Педагог, ғалым, қоғам қайраткері // Семей таңы .- 2000.- 3 ақпан .- Б.2
Панин М.С. “Жұмыссыз күнімді өлі күнге санаймын»:М.Паниннің 70 жасқа толуына орай сұхбат // Ертіс өңірі. – 2010. – 3 ақпан. – 12 б.
Тәлтенов А. Кемелдікке жол тартқан ғұмыр // Семей таңы. – 2010. – 4 ақпан. – С. 4; Ертіс өңірі. – 2010. – 22 желтоқсан. -1 б.; Семей таңы. – 2012. – 22 мамыр. – Б. 2; Семей таңы. – 2013. – 11 қаңтар. – Б. 2.
Ізғұтдинов М. Танымал ғалым: Ғалым, Семей педагогикалық институтының бірінші проректоры М.С.Панин 65 жаста. // Семей таңы. – 2005. – 11 ақпан. – 12 б.