Рамазанов Сержан

gk101926 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Қапан-Бұлақ ауылында туған. Ашаршылық жылдары, отыздың басында жанұясы туыстарымен бірге Үржар ауданына көшеді.
1943 жылы мамыр айында Қазақстан комсомолының шақыруымен Әскери-соғыс теңіз флотына аттанады. Қазақстанның қамқорлығындағы қызыл тулы «Киров» крейсерінде зеңбірекші болып, жау қоршауындағы Ленинград қаласын қорғауға қатысады. Ұзақ жылдар партия-совет органдарында қызмет атқарған. Семей облыстық конфискация басқармасы бастығы, Алматы қалалық конфискация басқармасы бастығы, Семей облыстық телевидение және радио комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.
1975-1988 жылға дейін Семей обылстық партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі болған. 1988-2003 жылға дейін Семей облыстық, қалалық мәдениет басқармасында аға инспектор қызметінде болып, руханият саласында атйарлықтай еңбек жасады.
Еліне, халқына жасаған көпжылдық адал еңбегі жауынгерлік ісі үшін «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ленинграды қорғағаны үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін» басқа да көптеген медальдармен марапатталған.
Семей қаласы әкімінің шешімімен 1999 жылы 21 қазанында «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

Рамазанов С. // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары.- Алматы, 2005.- 261 б.
Рамазанов С. Ұрпаққа аманат – Алматы: Қазақстан, 1997. – 208 с.

 

Рахметов Ержан Оразұлы

Рахметов Ержан Оразұлы 1961 жылы 3 сәуірде ауданындағы Науалы ауылында туған.
Әкесі – Рахметов Ораз-Қажы Қабдолданұлы (1937 жылы туған), зейнеткер, автомеханик болып жұмыс істеген. Анасы – Молдабаева Нұрқия Молдабайқызы (1939 жылы туған), зейнеткер, бухгалтер болып жұмыс істеген.
Алматы темір жол транспорты инженерлері институтын (1983) электрик-инженер мамандығы бойынша; Қазақ мемлекеттік басқару академиясының қаржы және несие факультетін (2001) экономист мамандығы бойынша бітірген. Өнертабыс патенттеріне ие.
1983 жылдың тамыз айынан – 11 дабыл беру арақашықтығының Семей стансасы Ленин орденді Алматы темір жол байланысының электромеханигі. 1983 жылдың қараша айынан – Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1985 жылдың маусым айынан – «Металлист» Алматы зауытының бас энергетик, 1987 жылдың қаңтар айынан – бастығының орынбасары, 1989 жылдың қыркүйек айынан – №1 цехында бастығы. 1992 жылдың ақпан айынан – «Сонар» шағын ғылыми-өндірістік кәсіпшілігінің техникалық директоры. 1995 жылдың қыркүйек айынан – «Сонар» ЖШС Орталық Азия және Қазақстан бойынша мұнайөнімдері басқармасының бастығы. 1997 жылдың қараша айынан – «Сонар» ЖШС мұнай өнімдері басқармасының вице-президенті. 1998 жылдың қыркүйек айынан – «Сонар-мұнай-өнімдері» ЖШС директордың орынбасары, 1999 жылдың маусым айынан – бас директор. 1999 жылдың қыркүйек айынан – ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты (№16 ШҚО Абай сайлау округінен, «Отан» РСП аты нан ұысынылған), Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі. 2004 жылдан- ҚР Парламенн Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және еңірлік даму комитетінің мүшесі.
2007 жылдан бері – ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының депутаты, Экономикалық реформа және еңірлін даму комитетінің мүшесі.
«Құрмет» (2005) орденімен, «Қазақстан Республикасынын тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясының 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. ШҚО Бесқарағай ауданының (2005), Курчатов қаласының (2007) Құрметті азаматы.
2014 жылғы 12 желтоқсандағы Семей қаласы әкімінің шешімімен Рахметов Ержан Оразұлына Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Нұрқасым, Құсмілия. Ержанның елжандылығы туралы сөз / Қ. Нұрқасым // Ертіс өңірі . – 2012. – 18 шілде. – Б. 11
Раисова К. “Семей облыс болып қайта құрылады! Мен оған сенемін” / К. Раисова // Ертіс өңірі. – 2004. – 2 қырк. – Б. 4