Сембаев Нәсен

gk111933 жылы Семей облысы, Көкпекті ауылында туған. 1950 жылы Максим Горький атындағы қазақ орта мектебін бітірген. 1956 жылы Алматының зоотехникалық малдәрігерлік институтын, 1982 жылы Мәскеудегі КПСС Орталық Комитеті жанындағы қоғамдық ғылымдар академиясын бітірген.
Еңбек жолын Семей облысы, «Көкпекті» совхозында мамандығы бойынша зоотехник қызметінен бастап, «Үлгілі малшы» совхозының бас зоотехнигі, Көкпекті аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас зоттехнигі, Семей облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. 1973-1976 жылдың қаңтарына дейін Семей облысы Абай аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1976-1992 жылдары Семей облыстық партия комитетінің хатшысы болып қызметтерін атқарды. Бұл жылдар Семей облысының ауыл шаруашылық саласы мейлінше дамыған жылдар болды.
Нәсен Ыбырайұлының еліне сіңірген еңбектері бағаланып, 1971 жылы «Қазақ ССР- не еңбегі сіңген зоотехник» атағы, 1998 жылы Абай ауданының құрметті азаматы, 1999 жылы «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді. «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендері мен бірнеше СССР медальдарымен марапатталған. Бірнеше дүркін аудандық, Семей облыстық Советтерінің депутаты болып сайланды.

Әдебиеттер:

Доғалақов А. Еңбегімен ел құрметіне бөленген: Н. Сембаев // Семей таңы . – 2012. – 25 желтоқсан.
Сембаев Н. // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары.- Алматы, 2005.- 264 б.

 

Сәкиева Күләш

g231920 жылдың 15 ақпанында Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында туған. 1947 жылы «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген артисі», 1958 жылы «Қазақ КСР- нің халық артисі» деген құрметті атақтары берілді. 1959 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің қорытындысы бойынша «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. Актерлік қызметін Жамбыл театрында бастап, Семейге 1952 жылы келді. Сомдаған ролдеріне шынайылық, таңғы шықтай тазалық пен мөлдірлік тән екенін айтсақ, ол Қыз Жібек, Баян сұлу, Құртқа, Ақжүніс, Ақтоқты, Майра секілді арулар бейнесін сахнаға шығаруда көп ізденді.
1959 жылы Мәскеуде өткен қазақ өнерінің он күндігінің қорытындысы бойынша «Құрмет белгісі» орденімен екінші рет марапатталды. Күләш Сәкиева театр сахнасында 300 – ден астам арулар бейнесін сомдап, халқына рухани ләззат сыйлады.
2002 жылы Семей қаласының әкімі Қ.Тұрлыхановтың үкімімен Қазақстан Республикасы театр өнерінің дамуына сіңірген ерекше еңбегі, жоғары актерлік шеберлігі, белсенді қоғамдық қызметі мен көп жылғы жемісті еңбегі үшін «Қазақстан Респбуликасының халық артисі», Абай атындағы облыстық мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрының актрисасы Күләш Сәкиеваға 2002 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Зекенұлы Қ. Сахна саңлағы // Семей таңы.- 2000.- 23 наурыз.- б.10
Иманғали М. Шығыстың Күләші : Сахна шебері К.Сәкиева 85 жаста // Ертіс өңірі. – 2005.- 27 қазан.- Б.4
Иманбаева А. Өнердің хас шебері // Мәдениет.-2010.-№ 1.-5-9 б.
Мұхамедова Р. Жүздеген тағдыр бейнесі // Ертіс өңірі.-2010.-3 наурыз.-12 б.
Нұғманбекова Р. Сахна шебері // Дидар .- 2005.- 3 қыркүйек.- Б.6