Сәрсеке Медеу

g24Жазушы Медеу Сапаұлы Сәрсеке 1936 жылы 2 қаңтарда Абыралы ауданының Қайнар кеңшарында туған. Орта мектепті 1953 жылы бітіріп, Қазақтың Политехникалық инстиутына түсіп, білім алып шыққан соң журналистикаға келеді. «Лениншіл жас» газетінде жұмысшы жастар бөлімінің меңгерушісі болып қызметін бастайды.
Кейіннен Семейге келіп, зауытқа инженер болып қызмет етеді. Өндіріс пен жазушылықты қатар алып жүреді. Әрине, басты қызметі әдебиет болды. «Ғажайпы сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі» мен «Жетінші толқын» ғылыми фантастикалық туындыларын жарыққа шығарды. Өзі ортасында жүрген өндірістің қилы-қилы сырларын, онда еңбек ететін адамдар туралы күрделі шығармалар жазады. Ол алтын, күміс ақтарған, мырыш тасқындатқан кенді Алтайдың тіршілік-тынысын, өмір ағысын суреттейтін «Жаңғырық» романын жазады. Кейіннен жалғасы ретінде «Көмбе» романын жазады.
2002 жылы академик Қ. Сәтбаев жайлы орыс тілінде «Планета Сатпаева» және «Через тернии» кітаптары оқырманға жол тартқанда саналы ғұмырын қазақтың Қанышына арнаған белгілі жазушы Медеу Сәрсеке атақты ғалымды әлемнің 112 еліне танытқан суреткер.
Жазушы Сәрсеке Медеу Сапаұлы –Абыралы ауданының Құрметті азаматы, “Құрмет” орденінің иегері, “Еңбектегі ерлігі үшін” медалінің иегері.
1996 жылы 2 ақпанда жазушыға «Семей қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Сәрсеке М. Мәскеу «ЖЗЛ» сеиясы. 9-кітап // Егемен Қазақстан.-2010.-29 желтоқсан.-13 б.
Сәрсеке М. Қырық жыл өмірімді Сәтбаевқа арнағаныма титтей де өкінбеймін // Дидар.-2010.-27 наурыз.-5 б.
Сәрсеке М. Тамыры тереңге жеткен: ғұлама ғалым, әйгілі әдебиетші, ақын, аудармашы, сыншы Ебіней Бекетов туралы // Семей таңы.-2005.-18 наурыз.
Сәрсеке М. «Ақылды адам арманмен егеспейді: «Бес тұғыр» жинағы туралы // Семей таңы.-2000.-1 қыркүйек.
Сәрсеке М. Қазақтың Қанышы: Роман эссе .- Алматы: Атамұра, 1999.-592 б.
Бәшей К. Ұлыны ұлықтаудың үлгісі // Ертіс өңірі.-2004.-22 қаңтар.-27 .
Сәрсеке Медеу // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары.- Алматы, 2005.- 34 б.

Николай Силин

Николай Силин 1922 жылы Семей қаласында туған. 1941 жылы Н.Силин Қызыл Армия қатарына шақырылып, Алматыдағы әскери училищеге жіберілді. Қазақстанда құрылған 8 – атқыштар дивизиясы 1942 жылғы сәуір айында Брянск майданының 13 – армиясының құрамына енгзілді.
Курск иінінде болған шайқас кезінде дивизия біздің армиямыздың оң жақ қанатында қорғанып, Орел-Курск темір жолының бойындағы маңызды учаскелердің біріне тосқауыл жасап тұрды. Ұрыстарда көрсеткен ерліктері мен табандылықтары үшін дивизияның 400 – ден астам солдаты мен офицері ордендермен және медальдармен наградталды. Наградталғандардың ішінде 151- ші атқыштар полкінің рота командирі аға лейтенант Силин де бар еді.
1943 жылы қыркүйекте 151 – полктегі капитан Н.Силиннің 1 – батальоны қолда бар қажет құрал жабдықтарымен өзеннен алдымен өтіп шықты да, плацдармды басып алды. Біздің жауынгерлерімізді Днепрге тоғыту үшін жау барлық айла-шарғысын жасап бақты. Фашистер зеңбіректері мен минометтерінен оқты қарша боратты. Осындай қиын қыстау кезеңдерде капитан Силиннің батальоны көп шығынға ұшырады. Батальон гитлершілердің қарсы атакасының бәрін де тойтарып, жауға бір қадам да жер бермеді.
Днепрдің оң жағалауында берік бекініп алған батальон дивизияның өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Подполковник Н.Н. Силин 1946 жылдан запаста. Семей қаласында тұрды. Автокөлік техникумын бітірген. Облыстық автожөндеу шеберханасының директоры, кейін метиз-фурнитура заводында бас механик болды. Қоғамдық жұмысқа белсенді қатысты. 1999 жылы 30 қазанда қайтыс болды. Семей қаласында жерленген.
Қазақстан Республикасы, полковник (1955). Семей қаласының Құрметті азаматы (06.09.1995, қала жастарын интернационализм мен адамгершілікке тәрбиелеуге сіңірген еңбегі үшін).
Ленин ордені (16.10.1943), Қызыл Жұлдыз (12.10.1944), Александр Невский (3.10.1943), 1-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), Қызыл Жұлдыз (26.02.1943) орденьдерімен, медальдармен, соның ішінде “За боевые заслуги” (25.07.1942) медалімен марапатталды.
1995 жылдың 6 қыркүйегінде Семей қаласы әкімінің шешімімен Семей қаласының Құрметті азаматы атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.- Б. 699
Шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай – қорығы. – Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б.229.
Н.Н. Силин Қазанама // Семей таңы.- 1999.- 4 қараша
Семейліктер Ұлы Отан соғысы жылдарында : Библиографиялық құрал. – Семей, 2015. – 59-60 б.