Тоқабаев Қожағұл Толықбайұлы

Тоқабаев Қожағұл Толықбайұлы 1934 жылы бұрыңғы Семей облысы, Шар ауданында туған. Білімі жоғары, Сталин атындағы Одессалық технологиялық институтын бітірген.
Семейдің облыстық нан өнімдері басқармасында инженер – экономисті, одан экономикалық-жоспар бөлімінің басшысы болып істеді.
1959 жылы облыстық комсомол конференциясында оны обком комсомолының насихат жүргізу бөлімінің меңгерушісі және бюро мүшесі етіп тағайындады.
Облыстық партия комитеті, партияның ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің нұсқаушысы, одан кейін қалалық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, облыстық кәсіподақ советінің хатшысы болды.
1997 жылы Калинин ауданының райком партиясының бірінші хатшысы, Семейдің облисполкомның төрағасының орынбасары болып қызметатқарды.
Үлгі боларлық еңбек еткені, қаламызды көркейтуге жұмсаған күші үшін «Құрмет белгісі» орденімен екі рет және « Ерен еңбегі үшін» медальімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталды.
1999 жылы 15 ақпанда Семей қаласының құрметті азаматы атағы берілді.

Ұсынылатын әдебиеттер

Жақсыбаев Д. Әулеттің алтын діңгегі [Мәтін] / Д. Жақсыбаев // Ертіс өңірі. – 2014. – 12 ақпан.- Б.13
Кәкішев Нұрдәулет. Еңбегімен елеулі жан [мәтін] / Н. Кәкішев // Семей таңы . – 2014. – 11 ақпан.- Б.7
Сәдуақасұлы Ә. Семей қаласының Құрметті азаматтары. – Алматы: Арқас, 2005. – 270-271 б.

 

Тортаев Қадыр

gk12Тортаев Қадыр Тортайұлы Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылында 1940 жылдың 9 қаңтарында дүниеге келген. 1957 жылы Ақсуат орта мектебін бітірді. 1957-1958 жылдары телефон желілерін бақылаушы, 1960 жылы Ақсуат байланыс торабында кезекші техник, 1960-1964 жылдар аралығында Ташкент электротехникалық байланыс институтын бітіріп, Семей қаласында радио хабар тарату дирекциясында аға инженер, 1965-1968 жылдары бас инженер қызметтерін абыроймен атқарды.
1968-1970 жылдары Кеңес әскері қатарында болды. 1973-1984 жылдар аралығында Семей облыстық өндірістік-техникалық байланыс басқармасы бастығының күрделі құрылыс жөніндегі орынбасары, одан кейін үздіксіз 1997 жылдың мамырына дейін облыстық байланыс басқармасын басқарды. Осы жылдар ішінде Қадыр Тортаевтың басшылығымен Семей өңірінде байланыс ісі жоғары қарқынмен дамыды. Осы кездері Семей байланыс басқармасы бірнеше рет республикалық және Бүкілодақтық Социалистік жарыстың озаты деп табылып, ауыспалы Қызыл тумен марапатталды. Қазақ ССР Жоғарғы Советінің 1989 жылғы 24 наурыздағы жарлығымен Қадыр Тортаевқа «Қазақ ССР-нің еңбегі сіңген байланысшы» құрметті атағы берілді. 1999 жылы «Семей қаласының құрметті азаматы» атағына ие болды. Үздік байланысшының атын есте қалдыру мақсатында 2002 жылы Семейдің Радио техника және байланыс колледжіне есімі берілді.

Әдебиеттер:

Тортаев Қадыр // Сәдуақасұлы Ә. Семей өңірінің құрметті азаматтары.- Алматы, 2005.- 271 б.

 

Бибігүл Төлегенова

g30Бұлбұл үнді күміс көмей әнші Бибігүл Ахметқызы Төлегенова 1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында туды. Әйгілі әнші өнер жолын қаламыздағы ет-консерві комбинатында қатардағы жұмысшы бола жүріп көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысудан бастады. Әншінің өнер жолына бағыт сілтеп жол салған, Семейге жер аударылған жазушы Галина Серебрякова мен жетекші ұстазы, Халық әртісі Надежда Самышина болды.
Әнші репертуарындағы Л.Хамидидің «Қазақ вальсі», Е.Брусиловскийдің «Қос қарлығаш», М.Төлебаевтың «Еске алу» және Батыс Еуропа композиторларының шығармаларынан вальс, романс, арияларын жоғары деңгейде орындады. Республикалық радиодан ән шырқау кезеңінде өткерген 1951-1953 жылдар аралығында Бибігүл әншілігін насихаттай жүріп, 1954 жылы Қазақтың Мемлекеттік консерваториясын бітірген соң, Қазақтың Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына солист болып қызметке тұрады. 1958 жылы Москва қаласында қазақ өнерінің онкүндігінде әншілік биігінен көрініп, сол жолы Қазақ ССР халық артисі атанады. Әнші Ленин ордені мен Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1966), СССР халық артисі (1967).
Халық бағасына әлдеқашан ие болған Социалистік Еңбек Ері (1991). 1968 жылы Семей қаласының 250 жылдық мерейтойы кең көлемде аталып өткізілгені тарихтан белгілі. Осы шараға КСРО Халық артисі Бибігүл Төлегенова да белсене қатысып, үлкен концерттік бағдарламасымен шығып халық алғысына бөленді. 1968 жылы шілде айында «Семей қаласының Құрметті азаматы» атағы берілді.

Әдебиеттер:

Байсымбек Ж. Еліңе жасаған жақсылығыңды көрсете біл: әншімен сұхбат. // Дала мен қала.-2008.-1 ақпан.-12 б.
Жақсыбаев Д. Өнерімен өрілген өмір // Ертіс өңірі.-2005.-17 ақпан.-18 б.
Төлегенова Б. «Мен бақытымды сәтсіздіктерімнен таптым»: Әңгімелескен А.Мантаева // Қазақ әдебиеті.-2007.-9 наурыз.-4 б.
Төлегенова Б. Халық махаббаты әрқашан сақталады /Әңгімелескен Г.Рақымжанова // Ертіс өңірі.-2004.-15 сәуір.-18 б.
Ыдырысов Қ. Бибігүл әні: (Өлең) // Семей таңы.1968.-2 март.-4 б.