Оңғарсынова Ф. Биіктік: Очерктер жинағы.- Алматы, Қазақстан.- 1976.- 176 б.
Ақын Фариза Оңғарсынованың«Биіктік» шығармасы соңғы жылдары жазған очерктерінің жинағы. Бүгінгі таңдағы жастар, олардың моральдық, адамдық биіктігі, ар, жан тазалығы көркем бейнеленген.
Оңғарсынова Ф. Шашы ағарған қыз: Мақала, эссе, повестер.- Алматы: Жазушы, 1990.- 336 б.
Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың бұл кітабына ширек ғасырдан бері өзі тікелей араласып жүрген әдебиет жайлы толғаныстарын, сондай-ақ қарапайым еңбек адамдарының қиын да қызық тағдырын толғаған публицицстикалық шығармалары мен бірқатар эсселер еніп отыр.
Оңғарсынова Ф. Мазасыз шақ: Өлеңдер.- Алматы, 1972.- 104 б.
Фариза Оңғарсынованың есімі «Сандуғаш», «Маңғыстау маржандары» атты жинақтарымен оқушы жұртшылыққа бұрыннан таныс. Бұл жинағында туған жер, сүйікті Отан, қимас достық, албырт жастықты өзіне ғана тән ақындық мәнермен жырлайды.
Оңғарсынова Ф. Сенің махаббатың: (әйелдер әлемі, жыр кітабы).- Алматы: Жалын.-1979.- 160 б.
Фариза Оңғарсынованың бұл кітабы – әдеттегідей өлең жинағы емес, тұтас шығарма секілді жыр кітабы. Кітап өзінің жаңалағымен, ой тереңдігімен ақын талантының тағы бір қырын көрсеткендей.
Оңғарсынова Ф. Біздің Кәмшат: деректі повесть.- Алматы: Жазушы.- 1976.- 140 б.
Белгілі ақын және журналист Фариза Оңғарсынованың бұл деректі повесі КСРО Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Социалисік Еңбек Ері, механизатор Кәмшат Дөненбаева туралы жазылған.