«100 жаңа есім – 2021»: IV маусымның жеңімпаздарының бірі –  Серікжан Қажытаев.

ШҚО Үржар ауданының ішкі саясат бөлімі Қоғамдық келісім орталығының әдіскері болып қызмет атқарады.

Студенттер арасындағы халықаралық Есенин оқуларының бас жүлде иегері;

Сәкен Сейфуллиннің 125 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайрасының бас жүлде иегері;

Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдығына арналған республикалық ақындар мүшайрасының ІІІ орын иегері;

Т.Молдағалиев атындағы республикалық ақындар мүшайрасының арнайы жүлде иегері.

2017 жылғы Кадзуо Исигуроның «Жоғалтып алма сен мені» романын;

Татар жазушысы Гузель Яхинаның «Зулейханың оянуы» романын;

Рэй Бредберидің «Бәстесейік» әңгімелер жинағын;

Туве Янссонның «Муми-тролль және барлығы» повесін;

Нур Домбайджидың «Қабағы тұнжыр балақай» повесін;

Якут ақыны Гаврил Андросовтың өлеңдерін аударған.

Әлем әдебиеті жазушыларын зерттеулері мен тосын қылықтары жайындағы «Жарты жарым» эсселер жинағының авторы.

«Самұрық» республикалық әдеби журналында, «Әдебиет порталында» мақалалары жарық көрген.

Әлем тілдерін үйрену, кітап оқу – хоббиім. Осы қызығушылықтарым мені әдебиет әлеміне алып келді. Төрт жылдың ішінде қазақ тіліне 7 кітап аудардым. Аударған шығармаларымның көбі орыс тілінде, алайда қазіргі күні ағылшын тілінен Дэниел Киздің «Элджернонға арналған гүлдер» шығармасын аударып жатырмын. Алғашында менде «Мына баланың жазғаны кімге керек? Мұның ойы кімге керек?» деген қорқыныш болды, – дейді жоба жеңімпазы.

Ол табандылығының арқасында бүгінгі жетістіктеріне қол жеткізіп отыр.

Әдебиеттер тізімі

Мақсұтбек А. Мақсатым – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерін әлемге таныту: 100 жаңа Есім// Семей таңы.- 2021.-  6 мамыр.- Б.3

Қажытаев С. Әуелден шетел әдебиетіне әуес болдым: (Сұхбаттасқан Қ. Дүргенбайұлы) // Дидар. – 2021. – 20 мамыр. – Б1,11

Серікжан Қажытаев // https://100janaesim.ruh.kz/

Серікжан Қажытаев // https://100janaesim.ruh.kz/