«100 жаңа есім – 2021»: IV маусымның жеңімпаздарының бірі – Дәулет Уранхаев

Дәулет Уранхаев, 21 жаста. 2020 жылдың басынан бастап Еуропалық футбол қауымдастықтары Одағында (УЕФА) жұмыс істейтін Қазақстанның алғашқы және жалғыз азаматы болып табылады. УЕФА-әлемдегі ең ірі спорт қауымдастықтарының бірі.

Дәулет Уранхаев Чемпиондар Лигасына жетекшілік ететін департаменттердің бірінде жұмыс істейді. Ол уақыт өте келе елге оралып, отандық спорт индустриясына өз тәжірибесін әкелуді жоспарлап отыр.

2020 жылы ол Швейцарияда орналасқан қонақ үй бизнесі саласындағы әлемдегі жетекші университеттердің біріне оқуға түсті. Сондай-ақ, Дәулет Абайдың 175 жылдығына арналған түрлі елдерден келген студенттер арасында ақын мерейтойына арналған эстафетаның ұйымдастырушысы болып табылады.

Интернер ресурстары:

Дәулет Уранхаев// https://100janaesim.ruh.kz/

Дәулет Уранхаев //https://soundcloud.com/caravan-kz