Бөлім жетекшісі:
Адикаева Рахиля Хажиахметқызы
Телефон: 8 707 658 02 35
Факс: 8 (722 2) 52 04 94
e-mail: semeуbib@yandex.ru
071400, Семей қаласы, Абай көшесі, 86-үй
Бөлімнің мақсаты:
Сектор жаңа оқырманды кітапханаға тіркейді және жыл сайын кітапхана қызметін бұрыннан пайдаланушыларды қайта тіркеуден өткізеді.
Сектор жаңа тіркелген оқырмандар үшін кітапхана бойынша экскурсия ұйымдастырып, өткізеді.
Сектор оқырмандардың оқу бағдарламасы, кәсіптік мамандығы, ғылыми тақырыптардағы ақпараттық сұраныстарына қанағаттандыру мақсатымен жедел түрде қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Кітапхана қорын сақтау және ұтымды ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Өз қызметінде: Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР заңды күші бар Заңдары, Еңбек туралы заңдар және нормативтік құқықтық актілер, «Мәдениет туралы» заң, кітапхана ісі туралы шешімдер мен қаулылар, кітапхана Жарғысы, кітапхана бойынша бұйрықтар мен шешімдер, кітапхананың және бөлімнің ұйымдастыру-басқару және технологиялық құжаттары, кітапхананың ішкі Ережесін басшылыққа алады.
Бөлімнің міндеті:
Оқырмандар сұраныстарын талдау негізінде, кәзіргі кітап нарқы ерекшеліктерін ескере отырып негізгі және қосымша қорды қалыптастыру.
Нақтылы статистикалық ақпараттармен қамтамасыз ету.
Кітапханадағы негізгі қорды барынша ұтымды ұйымдастыруды, толықтыруды, орналастыруды, дұрыс сақтау тәртібін қамтамасыз ету.
Кітапхананың мәдени-ағарту және ақпараттандыру қызметтеріне қатысу, өнегелік және мәдени құндылықтарды насихаттау.
Кітапханалық қызмет түрлерін кеңейту, сапасын көтеру.
Оқырмандарды кітапханалық-библиографиялық білімге тәрбиелеу, кітапты, кітапхананы пайдалануға үйрету.
Мерзімді басылымдармен, түрлі электрондық тасымалдаушы құжаттар түрлері бойынша жеке дара қызмет көрсету..
Пайдаланушылар сұранысын талдау негізінде кітапхана қорын мерзімді басылымдармен толықтыруға қатысу.