Отантай Кәрібжанұлы-қазақ өнері мен мәдениетінің, білім саласының дамуына өлшеусіз еңбек сіңірген жан. Республикалық “Абай Құнанбаев” қоғамдық қорының президенті, Абай ауданының құрметті азаматы. Семейдегі Абай атындағы музыкалық-драма театрын 20 жыл басқарып, талай саңлақтарды тәрбиеледі. Еңбек жолын жиырма жасқа толар-толмастан бастаған ол мәдениет пен білім саласына ғұмырының 50 жылын арнады.
Отантай Кәрібжанов-1944 жылы 20 шілдеде орта дәулетті, қарапайым отбасында дүниеге келген. Алты жасынан бастап Суықжал ауылында мектеп табалдырығын аттап, уақыт өте келе қаладағы №5 қазақ мектебіне ауысты. 1961 жылы қолына аттестатын алып, Семейдегі М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің домбыра бөліміне оқуға түсті. Оқу бітіргеннен кейін білім басқармасы мен Абай аудандық мәдениет үйінің директоры болып еңбек жолын бастаған уақытында әскер қатарына алынады. Украинаның Хмельницкий қаласында әскери борышын өтеді. Әскери борышын өтеп жүріп ерекше көзге түсіп, музыкалық взводқа барып, оркестр құрамына алынады.
1973 жылы Абай атындағы облыстық драма театрының директорлық қызметіне тағайындағандалады.
Абай театрынан басқа облыстық тарихи-өлкетану мұражайында, одан соң өзі оқып бітірген М.Төлебаев атындағы музыкалық училищеде басшылық қызметте болды. Қазіргі таңда қазақтың ұлы тұлғалары Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлының мұраларын наихаттайтын “Абай Құнанбаев” қоғамдық қорын басқарып отыр. Абайдың ақындық құдіретін, Шәкәрімнің философиялық ой-толғамдарын жұртшылыққа жеткізе білу үшін қарқынды жұмыс істеп отыр. 2021 жылы Семей қаласының Құрметті азаматы болды.

Әдебиеттер:
1. Кәрібжанов О. Өмірі өнерімен өрнектелген //Ертіс өңірі. -2018. -14 қараша. –Б.13
2. Кәрібжанов О. Тұңғыш директор // Ертіс өңірі. -2010. -17 қараша. –Б.12
3. Кәрібжанов О. Өнер тарланы // Семей таңы. -2017. -6 маусым. –Б.6
4. Кәрібжанов О. Саз әлемінің сарбазы //Семей таңы. -2010. -10 қараша. –Б.10
Интернет сілтемелер:
https://didar-gazeti.kz/otantay-krbzhanov\